Саяхатқа шықтың дейік, жолшылай нені тамашалап көргің келеді?
жеке
блог

Саяхатқа шықтың дейік, жолшылай нені тамашалап көргің келеді?

-Қиын-Керішті!,- Табиғат ескерткішін. Географиялық орны. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан көлінің солтүстік жағы.
-Неліктен Қиын-Керішті?
-Бала кезде алыстағы ауылға үлкендер ертіп қонаққа апарған. Сонда бізді апарған жеңіл автокөлік өзгешелеу жер маңынан өте шыққаны есте қалыпты. Жуықта әңгімеден әңгіме шығып Қиын-Керіш жайлы ақпаратты интернеттен оқып шыққанға себепкер болды.
Онда, оның көркін Марс планетасының пейзажына теңепті.
Блог - bake: Саяхатқа шықтың дейік, жолшылай нені тамашалап көргің келеді?
Көк аспан Марс планетасында жоқ

Балалық кезімдегі түйсік бұл теңеуден алшақ көріністі көз алдыма елестеткен.
Күннің ыстығына шөп күйіп, иірмен кеуіп қаңбаққа айналған кез.
Көкжиектің батыс тұсында үш-жаққа ажырап үлгермеген қалқыған бұлт, оның арғы жағында қызарып батуға шақ қалған күн. Содан болар бұлт қою қара. Көлбеу түскен күн сәулесі ойға батқан, алақанымен иегіне тіренген, тізелерін қатар бүккен дәудің көлеңкесін „қошқыл қызыл„ дала үстіне түсіріпті. Көлеңке астына киіз үйден жиналған ауыл сыйпты.

Балалық шақтағы естеліктің орны бір бөлек. Көргенім, білгенім бар деген жаста аталмыш табиғат кереметін көрсем, кейін, оның естелігінің орны бір бөлек болар еді. Сондықтан жаздың жайлы күнінде Қиын-Керішке жол түскенін қалаймын. Кең байтақ Қазақ елінің мекенімен салыстырған Қиын-Керіш Өскемен қаласынан қол созардай жерде.

Блог - bake: Саяхатқа шықтың дейік, жолшылай нені тамашалап көргің келеді?
Қиын-Керіш (орысша Киин Кериш) Барнаул (Ресей) қаласының саяхатшылар клубы ұйымдастыратын 8 күндік велотур қатысушылары аялдама жасап тұр.