Ағылшын жазушысы Анджела Картер

Ағылшын жазушысы Анджела Картер
жеке
блог

  Анджела Картер – британдық новелист және романист. Ол “Қанды палата”, “Цирктегі түн” және “Сыйқырлы ойыншықтар дүкені” атты шығармалардың авторы. Сонымен қатар Нил Джорданмен бірге “Қасқырлар үйірі” атты шағын оқиға бойынша сценарий жазған. Соңғы “Әулиелер мен Өзгелер” атты шағын шығармасы қараша айында «Viking Penguin» атты баспаханасында басылып шыққан болатын. 

– Сіздің кітабыңызды оқып отырып байқағаным, Сіздің кітабыңызды оқып отырып, Америка жарығы мен жылуы қанық, бойыңды ерекше бір сезімге баурайтын жер ретінде сипатталады. Америкада болып жатқан көптеген оқиғаларды кейде адамдардың өздері де басқара алмай қалады. Солай ма?

– Мен бұған сенімді емеспін. Сіздің не айтпақшы екеніңізді түсіндім, бірақ сіз “Алан Поның кабинетіндегі” шағын ғана жазылған “Республиканың лазерлі жарығын” айтып тұрған боларсыз?

 – Иә.

– Бұл шығарманы мен Провиденс қаласында тұрғанда жаздым. Род-Айленд және сол аймақ маған қатты ұнады. Мен жай ғана қарап, тыңдап жүрдім. Айнала соншалықты республикалық  рақымшылдар тобымен толып кеткен. Таңдау болмаған сияқты сезім болды, барлығы таңдалып қойылған, мүмкіндік те болмады.

 – Сонда да  жаңа жыл алдындағы америкалық шөлдің жеңіл және шексіздіктің мүмкіндігін көрсетеді, тіпті бұл қалаулы түрде болмаса да.

– Мен шығармадағы өзгерістерді сондай болу керек деп ойлаймын. Мен мұндағы шөлді көрдім. Американы саяхаттап, кесіп өткілері келетін америкалықтардың арманын жүзеге асырдым. 1969 жылы бірінші күйеуім екеуіміз Құрама Штаттарын Грейхуд автобусымен саяхаттадық. Біз Нью-Йорктен Сан-Францискоға, жаңа Орлеанның жолымен жүріп өттік,  себебі екеуіміз де сол жердің джаз музыкасын ұнатамыз. Біз солтүстіктегі Ель Пасо, кейін Калифорния шөліне аттандық. Бұл алты күндік саяхат болды, бірақ жай ғана тажірибе еді.

 – Сізден сұрағым келгені, сіздің “Қасқырлар үйірі” атты шығармаңызға түсірген Нейл Джорданның фильмі ұнады ма?

– Иә, оның қолжазбасын менің жазғанымды білесіз.

 – Сіз екеуіңіз сол қолжазбамен жұмыс жасадыңыз, солай ма? Меніңше, серіктестік өте күрделі жұмыс. Уиллиам Вуроудың «серіктестік деген өтірік сияқты» деп айтқаны есімде.

 – Жоқ, біз жақсы тіл табыстық. Жақсы достармыз, маған онымен жұмыс істеген ұнады. Мен Нейлден бұл фильм көп қаражат жинамағанына кешірім сұраймын. Мен бұл оның болашақта кино түсіруіне кедергі келтіре ме деп қорықтым. Бірақ оның “Мона Лиза” атты киносы өте жақсы шыққан, жоғары баға алды.

 – Бірақ “Қасқырлар үйірі” киносының соңы оқиғадан басқаша аяқталды ғой?! 

 – Киноның аяқталу сюжетіне мен риза емеспін, тіпті ашуландым. Сол кезде бұл шығарма әлі жазылып бітпеген еді. Соңын түсіріп жатқанда мен Австралияға кетіп қалған едім. Ол маған соңын қолжазбадан сәл өзгерткенін айтты. Мен Нейлдің қасына отырып, фильмді тамашаладым. Маған фильм қатты ұнады, жақсы түсірілген деп ойладым, сендім. Соңында мен өз көзіме сене алмадым, “Сен өзгертіп тастадың” деп айттым, ол сол үшін менен кешірім сұрады.

 – Негізі қолжазбаның соңы қалай аяқталушы еді?

 – Әжесінің бөлмесінде қасқырды кездестірген ол оянғандай болады. Ол озін салқын еденге кіріп бара жатқандай, денем суланып кеткендей болды. Бірақ мұны түсіру мүмкін болмады. Олар еденді суға толтырмақшы болды, бұл да іске аспады, мүмкін болмады. Бірақ бұл мүмкін болмаса, мен соңында ақ раушандардың қызыл раушандарға айналған жерінен бітеді деп үміттенген болатынмын.

 – Маған оның әжесінің төсегі мен қасқырдың аяғының арасында жатқан нұсқасы ұнады.

 – Мағанда. Нейл оның соңын әлдеқайда көп мағыналы болуын қалап, өзгертуге көндірмекші болды. Ол камераның үйдің сыртын көрсетіп тұрып, үйден шыққан жан айқайын естіртпекші болды, бірақ  бұл маған ұнамады.

 – Менің ойымша, әйел адамдар қорыққаннан емес, ләззат алғаннан айқайлайды деген ер адамдардың пікірі қате.

 – Шыныменде, Сара Питерсон өте жақсы айқайлай алмайтын шығар?! Қалай дегенменде, маған фильм түгелімен ұнады. Мен соңындағы өтірік жасалған жері байқалмайды деген үміттемін.

 – Сіздің шығармаларыңыздың көбісі шынайылық және арман сызығында жатқан сияқты. Оқиғалар ғажайып және басқада арман түрлеріне бөлінеді, символдардың түрленуі, ритуалдық, тілді қолдану, тіпті қалағанынан бас тарту. Өзіңіздің арман журналыңызды жазып жазып жүрсіз бе?

 – Арман емес, мен ешқашан армандарымды еске сақтамаймын. Олар әдеттегідей. Мысалы, өткен түні тұрған соң, жуынатын бөлмеге баруды армандадым. Бірақ бұл көбіне шынайы. Мен армандар туралы зерттеп оқыдым, олардың құрамы мен символизмі туралы білемін. Менің ойымша, арман ол – ойдың өзі құраған оқиғалары. Жазғанда өзімді еркін ұстап, армандаған қиялымды қолданамын. Маған санамда ойлаудың қызу ошағы барын сезінген ұнайды.

–   Әдетте балалық кездегі орын алатын, сізді тамырымен жұлып алған жағдай болды ма?

–  Менің кезімдегі барлық балалардың басынан өтті десе де болады. Барлығы Лондонда тұрды. Мен 1940 жылы тудым. Анам мені қолына ұстап, 12 жасар үлкен ағамды алып, Лондоннан көшіп кетті. Ол кезде халықтың көпшілігі Лондонда тұрғысы келмеді. Біз солтүстік Сассекске барып, сонда қоныстандық. Кейін оңтүстікте тұратын менің әжемнің үйіне бардық. Анам бізбен біраз тұрып, кейін бірнеше аптаға Лондонға әкеме барып, кейін қайта оралатын. Бірақ маған сол кез ең бақытты кез еді. 

–  Мені қызықтырғаны, сіздің әйелдер арасында жалғыз бала болып өскеніңіз. Сіздің шығармаларыңыздағы мен аса бағалайтын жер: шынайы махаббатқа және әйелдерді қорғауға бағытталғандығы. Бұны мен көптеген әйел жазушылардан іздеймін, әрі барлығында бола бермейді.

– Бұл айтқаныңыз мені қуантады, себебі мен үшін өте маңызды. 

– Сіздің балалы болғыңыз келді ме?

– Жоқ ешқашан, олар мені айқайлатып, аяғымнан сүйреп, босану бөлмесіне алып барды. Мен тым кеш екенін, әрі бала туу жасымнан асып кеткенімді айттым. 

– Ана болу сіздің болашақ мансабыңызға әсерін тигізді ме?

– Жоқ олай емес, ол менің өмірімді өзгертті. Ол үш жаста. Бос уақытың азаяды, әкесінің өмірі де менікіндей өзгерді. Бірақ Александр, менің ұлым, ғажайып кішкентай жан.  

Сұхбатты жүргізген: Розмари Кэрролл

Сұхбатты аударған: «Тұран» университеті 

«аударма ісі» мамандығының 3-курс 

студенті Амангелді Зарина