Жаңа жыл. Базына. Наз...

Жаңа жыл. Базына. Наз...
жеке
блог

Құрметті "Массагет" ұжымы! Сіздерді шын жүректен келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Бастарыңызға бақыт, дендеріңізге саулық! Не айтамыз, жастар бақытты болсын, денсаулықтары мықты болсын! Ал, аға, жастар бақытты болсын, денсаулықтары мықты болсын! Сол, бәріміз де бақытты болайық, денсаулықтарымыз мықты болсын! :)))

Айтпақшы: (P.S. - пост скриптумның орнына "айтпақшы" деп қоятын болдым енді) Кеше менің "Солқылдақ түннен кейін" деген жазбамды жариялап едім. Не себепті екенін білмедім, бүгін қайтадан жазбалардың алғашқысы, яғни бірінші беттегі жазба болып тұр. Мұны қалай түсінуге болады. Дәлел? Міне дәлел: Менің жазбама ең алғашқы ПІКІРШІ 29.12.2011 10:20 уақытта пікір жазған екен. Ал басқалардың жазбасына, мәселен, менен бұрын, (астымда тұрған :)) ) Болатбектің жазбасына алғашқы пікірші 29.12.2011 18:39 уақытында жазған екен. Уақыт машинасы бар шығар, ә? Ендеше солай, бұл қандай сиқыр деп сұрағымыз келіп отыр...

 

(Сурет қоя алмай отырмын. Бәрі ағылшынша. Қиын...)