Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегі

Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегі
жеке
блог

23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады. 

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті 24 сәуірде 07:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.

Енді, назар аударыңыз! Осыған орай көрермендер арасында байқау жарияланады. Оның шарты бойынша, қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін болжам ретінде дұрыс әрі нақты табулары керек. 

Жауаптарыңызды мына сілтеме арқылы өтіп, берулеріңіз қажет. Байқау жекпе-жек басталғанға дейін жалғасады. Жеңімпаз сол күні анықталады. Айта кетейік, бағалы сыйлықты кездесу нәтижесін нақты анықтаған көрермен иеленеді. 

Олай болса, барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!