Алматы-Стамбул сапары. TRT Istanbul Televizyonu

Күн емес, ай санап Массагетке оралдым. Ұзақ уақыт үзіліс жасауымның көптеген себептері бар. Соның бірі ел-жер аралап, қыдырып, үйреніп қайтуым. Қаңтар айында Стамбул қаласындағы TRT Istanbul арнасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдым.

Алғаш рет бұл телеарнаға өткен жылдың қыркүйек айында барған болатынмын. Телеарна ғимаратының табалдырығын аттаған бойда «Мен осы арнада жұмыс істегім келеді» деп айттым. Себебі, телевизия саласында жұмыс істейтін әрбір маман техникалық мүмкіндігі мол, ауқымды компанияда жұмыс істегісі келеді. Бұл жерде әрбір бағдарлама жеке-жеке студияда, жеке-жеке шығармашылық топтардың күшімен түсіріледі. Осының барлығын көріп, мен осы арнада аз да болса да қызмет еткім келді. Әрине, өзге елдің азаматы болғандықтан ол оңай емес. Бірақ, менің жолым болып, мен осы арнада тәжірибе алуға мүмкіндік алдым.

Тәжірибе барысында көптеген жандармен таныстым, арнаның тыныс-тіршілігін көрдім. Түрік ағайындылар өте еңбекқор екені бұрыннан мәлім. Олардың жұмысқа деген құлшылығы ерекше, көзқарасы да биік. Есесіне, жұмысына да әрқайсысы ұқыпты, әр нәрсеге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Іс нәтижесі де көзге көрінеді.

Аз да болса да осындай биік мекемеде қызмет еткеніме шүкір етемін. Мүмкіндік болса, шетелге барып тәжірибе алмасып қайту керек екен. Назарларыңызға сапарым жайлы келесі бейнероликті ұсынамын.

Иә, жоғарыда айтып кеткенімдей, мен оралдым)

Көріскенше))

Айтпақшы, сапар барысында түсірілген қалған суреттер менің инстаграм парақшамда @gazizauzak

 



Бөлісу: