Бизнестегі бәсеке

    Бәсеке әр түрлі болады бірулер бір-бірімен бәсекелесу, білім жағынан бәсекелесу тағы сол сияқты. Бірақ бүгінгі тақырып эканомикадағы бәсекелестік туралы болмақ. Бәсеке дегеніміз бір немесе бірнеше тұлғаның бір-бірін басып озуға негізделген әрекеттері. Бизнесте бәсеке қатар жүреді. Мысалы: бір көшеде екі дүкен қатар орналасқан. Бұлардың арасында міндетті түрде бәсеке болады. Енді сұрақ қалай? мысалы бірінші дүкенде тауарлар арзан бірақ екіншісінде сәл қымбаттау, екінші дүкен бәсекелесіп тауарларын одан да арзанырақ сатуға тырысады немесе бғасын бірдей қылып қояды. Олай олмаса банкрот болуы мүмкін.

Бұл әрине бәсекенің шағын түрі. Бизнесте ірі компаниялар әлемдік деңгеде де бәсекелесіп жатады. Мысалы: Apple мен Samsung компаниялары. Бұлар электроника өндіру жағынан бәсекелеседі. Бәсекенің болғаны тұтынушылар үшін тиімді, себебі баға төмен болады және сапа жақсарады бірақ өндірушілерге қиындық туғызады. Ал керісінше бәсекенің болмауы өндірушілерге пайдалы, бәсекелесі болмағандықтан бағаны қалағанынша қоя алады.

Кейбір жағдайда өндірушілер ұсынатын өнімінің бағасын келісіп алады. Бұл эканомикалық қылмыс болып есептеледі. Эканомикада бұны әділ емес бәсеке деп атайды. Қорыта айтатын болсақ бәсекенің болуы тиімді бұл ел эканомикасының өсуіне ықпыл жасайды, сонымен қоса өндірісті сапалы және халыққа тиімді ете түседі.



Бөлісу: