Таңғы көрініс...
жеке
блог

Таңғы көрініс...

Таң. Күн күлімдеп терезеден шуағын төккен сәтте,ұялы телефонның әдемі әуенімен бірге оянасын. Тек бірден емес, барлығымыз болмасақта кейбіріміз "сәл бес-ақ минут ұйықтай тұрайыншы"-дей саламыз. Біреуіне жұмыс, біреуіне сабақ, ал біреуіне жолға шығуына тура келеді. Әсіресе, мен ауылға баратын күні ертемен оянып алатын әдетім бар.

Бүгінгі күн, жұмыс күні. Демалысты жанымыз қимасада, жұмысқа баруымыз өзіміз үшін маңызды, қоғаммен, бейтаныс адамдармен жылы шырай танытып еңбек еткен әлдеқайда керемет! Ия, қайнап жатқан қала өмірін күнде көрсекте, таңғы көрініс мүлдем өзгеше. Бірі жанып, бірі өшіп тұрған шамдар, барар жеріне асыққан жолаушылар, алыс болса да жаңбыр суынан айналып өтіп жатырған адамдар, біреуі мұңайып, біреуі күліп, ұялы телефоннан көз алмай тұрған жастар, қоғамдық көлікке үлгере алмай, жай ғана өз-өзімен ашу шақырған мен). Тоңдырайын ба, жылытайын ба деп шашымды үрлеп өткен самал жел, Немересін жетектеген әже, тоқтаусыз зуылдап өтіп жатырған сан түрлі көліктер, бір-бірін күтіп тұрған құрбылар, гүл сататын есіктің алдында мақтанғандай шылым шегіп тұрған бойжеткен, бара жеріне жете алмай, жөн сұрап жүрген апай, айтуынша осы маңға жаңадан көшіп келген екен, білгенімізді айтып, жол көрсеткен қайырымды жандар, қоғамдық көлікті күтіп шаршаған қала тұрғындары.

Ия, жарты сағат уақыт болды, әлі жоқ. Үлкен болса бір жөн, өзі кішкентай жолаушыларды таситын көлік. Жүрісін көрсеңіз, жаяу-ақ барғаным жақсы дерсіз. Тек барар жер алыс болғасын, амал жоқ күтуге тура келеді. Шыдамы таусылған үлкендер: "таксиге отырайық, жүз теңгеден" - деп еді төрт адам сол бойда жиналып қалдық. Осы сөзді біреуі қашан айтар екен деп күтіп тұрғандай, қуанып кеттік. Таксист ағай да жақсы адам екен келісе кетті. Содан, Төреғали Төреәлінің әндерімен тез жетіп қалдық. Осы әншінің әндері қатты ұнайды.

Жұмысқада дәл уақытында келдім. Таңғы көрініс, шынымен керемет. Егер таңды қандай көңіл-күймен бастасаң, күнің дәл солай өтеді" - деп естуші едім. Болмашы нәрсеге реніш танытпай, арайлап атқан ақ таңды тамаша көңіл күймен қарсы алғанға не жетсін?! Тек шынайы күліп, жүрегімізбен қуана білейік.