Бақытты балалық шақ
жеке
блог

Бақытты балалық шақ

Бақытын – мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенін.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім –
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім

    Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Мен  осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата  алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс.

   Біздер қазірбақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.  Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті.  Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалықшақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Әр адам өз өмірінің бақытты болғаны нарманетеді. Олүшіналдынамақсатқойып, көптегенигіліктіістердіжүзег асыруға  ұмтылады. Бақытты болу әркімнің өзінебайланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамныңқұшағыбақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адамбақытқа кенеледі.

Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. Қайран, балалық!!! Негізі, мен балалығыма қарағанда, жасөспірім шағымды қатты аңсаймын, сағынамын!!! Балалық шақ өмір бойы айтылып, аңсап отыратын тәтті ертегі ғана болып қала береді ғой. Үлкен болуға асықтық қой. Бала ғой деп тойға апармай қойғанда, кішкентайсың деп қонақтармен қатар дастарханға отырғызбай қойғанда неге өспейді екем деуші ем. Өсіп жатырмыз енді... Ал, енді қолдан тек сағыну ғана келеді. Әттең, сол күндер қайта оралар ма екен?! Көңіліміз тоқ, уайымымыз жоқ бал шақтар-ай десеңші... Қазір күйбең тірліктен шаршаған сәттерде ауылға барып, қайтадан бала болып асыр салып жүрсем ғой деп армандаймын. Сағымға айналған сол күндердің оралмайтыны өкінішті-ақ... Тек сағынышпен еске алғаннан басқа...

Камшат Мухамеджан