Мен Еуропаны не үшін жек көремін: 10 негізгі себеп
жеке
блог

Мен Еуропаны не үшін жек көремін: 10 негізгі себеп

Қайырлы күн Қазақстан! Кешегі постты оқып саяхаттап алғандарыңызды көріп, енді елге қайту амал жолдарын қарастырдым :) Бүгінгі пост Еуропаның ұнамаған тұстарын көрсетемін. Елге қайтып оралатындарыңызға сенемін :) Сіздерге айтарым: бұл тек менің ғана ойым. Егер сіз Еуропада болсаңыз, өзіңізге ұнамаған тұстарын пікір арқылы көрсетуіңізді сұраймын. Ал, кеттік!

1. Дәстүрлі емес жыныстық қатынасқа көзқарастары

Еуропалықтарға бұл жай қарапайым көрінеді. Себебі мұндай қатынастарға заң бойынша, қоғамда жол берілген. Ол жақста екі көгілдір бір-бірімен қол ұстасып көшеде жүре береді. Бұл Еуропаның  ең әлсіз тұсы деседе болады. Осы бір дәстүрлі емес қатынастардың кесірінен бала туу азайып, елде қарт адамдардың саны жастардан көп екені белгілі. Әрине, бұл қатынастар біздің менталитетке жат нәрсе. Сол себепті осы тізімнің алдыңғы қатарынан орын алады. Суреттерін салыпта қажет емес сияқты. Көрмегендеріңіз дұрыс болады :)

2. Тамақ

Қазақстаннан бірден Еуропаға барып, бұл елдердің тамағына үйрену маған қиын болды. Еуропада ет табу өте қиын. Жылқының еті әрине жоқ :) Қазақстанға қысқы демалысқа келгенде ауылдан шұжық, қазыны бірге алып бардым :) Аэропортта бұл жағынан ешқандай қиындық болған жоқ. Мүмкін, қазір елде теракттар орын алғасын, тексеріс күшейген болар. Қазақстандағы супермаркетте бар тамақтарды Еуропада мүлдем кездестірмейсін. Басында үйрену қиын, кейін ол жақтың тамақтарына да үйренеді екенсін.

3. Туыстық қатынастың дамымауы

Бұл себепке қалай ат қоярымды да білмедім. Туыстық қатынас дегенім, біздегі сияқты бауырларымен жақын қатынаста, әулетпен араласу деген сияқты қатынастар жоқ. Бізде бір үлкен той болса, әулетімізбен бірге барып көшіріп кетеміз. Ал, мұнда үлкен қарт кісілерді көріп аяйсын. Әркім өзінің жұмысымен айналысады. Қамқорлық, бір-біріне деген бауырмашылдылық аса қатты байқалмайды. Кешке таман көшеге шықсан барлық адам өзінің иттерімен серуендеуге шығады. Сол кезде түсінерсіз деген ойдамын.

 

4. Алкоголь

Еуропалықтар үшін алкоголь ең маңызды сусын. Бұл жақта заңмен 16 жасқа толған азаматтарға алкоголь ішуге рұқсат етілген. Бір жақсы жері алкогольді көп ішсе де өздерін ұстауы маған ұнады. Еуропалықтарға алкоголь үшін демалыс жоқ. Олар аптаның жеті  күнінде де тоқтамай ішуге дайын. Керісінше қазақтар осында келіп, бұл сынаққа шыдамай, алкогольдің кесірінен біраз қиындыққа тап болып жатады :) Еуропада алкогольдік магазиндер 24 сағат бойы жұмыс істейді.

 

5. Қымбаттылық

Еуропада күнделікті қолданатын заттар, тамақтар бағасы өте қымбат. Теңгемен шаққандағы нанның бағасы 150-200 теңгеге дейін барады. Бұл Польша елінің мысалымен келтірілген баға. Егер сіз ары қарай Батыс Еуропаға жол тартсаңыз нанның бағасы 300 теңгеге дейін асады. Бұл Еуропалықтар үшін тиімді болса да, біз сияқты қарапайым елдер үшін тым қымбат. Ол жақта жалақының көптігімен көп тауарлардың қымбаттылығы байқалмайды.

6. Қазақстан деген ел бар екенін білмеуі

Басқа елдің азаматтармен танысып жатып, Қазақстан деген елді атағанымда, білмей, таң қалатынына қаным қайнайтын. Еуропалықтарға География пәнін басты пән ретінде қою керек екенін түсіндім. Әлем бойынша Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орын алатынын ескеретін болсақ, картаны ашқанда Қазақстан деген елді қалай көрмегендеріне таң қалдым.

7. Шошқаның еті

Қай магазинге кірсенде, шошқаның еті барлық жерде толып тұрады. Кейде сиырдың етін табу қиынға түсіп жатады. Қазақтарға және мұсылман елдеріне бұл үлкен қиыншылық десем болады.

8. Квартиралардың күйі

Еуропа, Еуропа дейміз, бірақ көп үйлердің күйі қуантарлық жағдайда емес. Басқа елде білмеймін, бірақ Польшада квартиралардың күйі өте нашар. Біздің Қазақстандағы үйлердің жалпы күйі бұл үйлердің жанында мың есе артық. Осы күйге байланысты квартиларды жалға алу құны да сәйкес келмейді.

9. Қазақ қыздарына басқаша көзқараспен қарайтындығы

Бұған қазақ қыздарының өздері кінәлі. Мен болған Польша елінде көп қазақ қыздарын түнгі клубта кездестіресін. Өзім танитын қызды басқа елдің жігітімен көргенде, қоярға жер таппай қалдым :( Осыдан кейін еуропалықтардың қазақ қыздарына деген көзқарастары өзгерген. Осы бір постты Еуропада жүрген қазақ қыздары оқып отырса, мұндай қылықтарға бармаңыздаршы :( Қазақ қыздары жайлы не ойласа, біздің ел туралы да солай ойлағандығы.

10. Ауруханалар, дәріханалар

Менің бір досым ауырып қалғанда, дәріханада өзіне керек дәріні таппағандығы және қымбаттылығы таң қалдырды. Ауруханаларда дәрігерге жазылу үлкен қиындық тудырды. Дәрігерге жазылу үшін ертерек жазылу қажет. Егер сізде сақтандыру құжаттары болмаса,  тым қымбатқа шығып кететіні бар. Таныс бала ауырам деп біршама ақшасынан айырылып қалды. Еуропаға бармас бұрын ауруханадағы жалпы денсаулық сақтау жүйесін дұрыс меңгергеніңіз жөн болады.

 

Қалай? Еуропаға бару ойыңыздан айнып қалған жоқсыз ба? Егер пост ұнаса саусағыңызды жоғары көтеруді ұмытпаңыз.