Массагеттіктер, кездесейік!

Массагеттіктер, кездесейік!
жеке
блог

Сайтымыздың белсенді блогшысы Аиданың Алматыға келуін сылтауратып, бәріміздің басымыз бір жерге жиналса деген ниетпен ертең кездесуге шақырамыз! Виртуал араласу бір бөлек, реалда көрісу бір бөлек қой. Адамның бет-жүзін көріп, өмірде сырласып, әңгімелескенге не жетсін, достар!

Бәріміз жиналып, кештің көңілді өтуіне атсалысады деген ойдамыз. "Мен ол жақта ешкімді танымаймын ғой", "Ұяламын", "Не істеймін?", "Ыңғайсыз" деген сияқты сұрақтар мазалап жатса, қам жемеңіздер. Өйткені барлығымыз да басында кездескенде қысылып, ұялатынымыз бар. Алайда сайтымыздың көңілді де, ойлы азаматтары ешкімді бөлмей, өз ортасына бауырындай тартуға дайын деп сенеміз!

Сонымен, басында аталған "Пицца hut" орны ремонтқа жабылып, кездесетін орынның мекен-жайы өзгеріп жатыр. Мұқият болыңыздар. Кездесу орны мен сағаты:

13.04.2012 жыл

"Венеция" Пиццериясы
Мекен-жайы: Достық даңғылы, 87А, Абай даңғ. қиылысы.

Сағат: 19:30

Егер таба алмай жатсаңыздар мына телефонға хабарласыңыздар:
8 771 779 26 46

Барлықтарыңызды асыға күтеміз!