жеке
блог

ЖЫЛ-ШЕЖІРЕ немесе Қоян жылы не берді?

Қоян жылының ұлағатты ҰЛУҒА орнын босатып беруіне де санаулы-ақ күн қалыпты... Жыл жаман өткен жоқ, 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен, Ақ Азиадасымен есте қалды... Өз басым биыл көп сапарға шықтым... Биыл егіз сіңлілі болдым,  Айғаным мен Айзере – Қоян жылының сүйкімді қыздары... Биыл ұлым 18-ге толды... Елікқызым деп еркелететін сіңлімді таптым... Тәубе! Тәубе! Сонымен...

Ең үздік ән: «Шығысым-шынарым» (әні М.Салықов, сөзі Қ.Сарин),  «Шығысым – шырайлы елім» (әні Г.Сарина, сөзі Қ.Сарин).

Ең үздік әнші: А.Аманжолова.

Ең үздік топ: "МузАРТ" тобы.

Ең үздік арна: «Қазақстан» арнасы, қазақша сөйлеген соң шығар... әрі төркін дегендей)))))

Ең үздік жоба: Көшірме көп болған соң... ойыма ештеңе түспеді.

Ең үздік актер: Асанәлі Әшімов.

Ең әдемі  қала: Әр бақа өз батпағын мақтайды... Өскемен, сосын Астана немесе керісінше...

Ең таңғаларлық оқиға: Әйтеуір сол метроның ашылғаны...және оны әлі көрмегенім...))))

Ең мықты саясатшы: Нұрсұлтан Назарбаев... дейді ғой бәрі....

Ең үздік сайт: Оn.kz-ға тіркеліп, үнемі ат басын бұрғандықтан мен үшін сол – On.kz.

Ең үздік сусын: Қалтамыз көтеріп тұрса, шұбатқа ештеңе жетпейді...)))

Ең үздік сотка: Nokia, Nokia..... маркасын білмегендіктен екі рет жаздым, өзімнің екі қалтателефоным...

Ең көп жұмыс: Агент... Тура – осы!!!

Жылдың оймақтай ойы: «Ит үргенге үндеме – өзіңді үстем санасаң...»

Жыл танысулары: Елікқыз, ақын Қалқаман Сарин.

Жыл кездесулері: Өте-е-е-е көп.

Жылдың үздік тағамы: Бізбен бірге тұратын апайдың тамағының бәрі ғой...

Жылдың ең үздік жазушысы: Бақытжан ағам МОМЫШҰЛЫ.

Жылдың ең үздік ақыны: Мен үшін Қалқаман Сарин мен Құралай Омар болды...

Жылдың ең үздік көшесі: Алматыдағы өзім тұратын Төле би көшесіне ештеңе жетпейді... Онда жүретін қоғамдық көлік бар жаққа алып барады... әрі кептелісі де жетерлік...)))))

Жылдың ең үздік фильмдері: Ас-аға (А.Әшімов) түскен барлық фильмдер, сосын «Райские яблочки».

Жылдың ең үздік гүлдері: Үйімде өсіп тұрған ананас, тамыры топырақтан ажырамаған барлық гүлдер.

Жылдың ең керемет адамдары: әкем, ұлым, Зейнеп апам мен Бақытжан ағам, бауырларым, достарым, жаныма жақын жандардың барлығы, олар менде өте кө-ө-ө-өп.

Жыл қуанышы: Илья Илиннің жеңісі!!! Сәуле құрбымның ұлы Абзалдың Мәскеудің жоғары оқу орны - РУДН-ге түскені...

Жыл қайғысы: Қадыр аға, Тұманбай аға, өзімнің Әзілхан ағам, Роза апай Бағланова... Жатқан жерлері жайлы болсын!

Жыл өкініші: Жаңаөзен... ақиқаты ащы, шындығы бұлыңғыр...

 

 ...Тізе берсе, өте көп. Қоян жылының соңын алып келе жатқан жылды Айдаһар жылы деп шатысып, даурығып жүрген жандардың есіне 2012 жыл – Ұлу жылы екенін салғым келеді... Ұлу жылы жақсылығымен келсін!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі