" Жүрегім менің "

" Жүрегім менің "
жеке
блог

Қайран менің жүрегім от жүрегім,
Аяздардан тоңбаған отты демім. 
Тасқын тағдыр құлатып жатса дағы,
Шаттанамын қуанып көп күлемін.

Қайран менің жүрегім қара нардай,
Бір өзімдей өзгелер бағаламай. 
Сезім сені күйелеп жүргенім жоқ,
Жазығым не жанымды жаралардай. 

Соққан жүрек соғады тынбас әлі,
Сенім барда сейіліп мұң қашады.
Қаным барда бойымда жаным барда, 
Көңілімнің шалқыған тынбас әні. 

Аспан жерде түрленді жасылды-көк,
Ақша бұлт асқарға асылды кеп. 
Сезім гүлін силады балаң көктем. 
Асығасын кай жака ғашық жүрек.

Құлайсың құмартып сол бір жанға,
Асығасың шақырып қол бұлғар ма?
Тағдыр соқпақ ой қырын кезсем дағы,
Сезім саған жетелер жолымды алға.

Кетер көктем, өтер жаз жайма шуақ,
Жұлдыздан сыр бағар ем, айдан қуат.
Шөлде жүрек сағыныш сусынына,
Мөлдір-зәмзәм табылар қайдан қуат.

Қайран менің жүрегім ғұмырласым,
Ешбір жанға айтпаған сырымдасын. 
Өлсем мейлі мәңгіге мен өлейін. 
Өлмес сезім жүректің жыры қалсын.