Құлпырған қыр гүлі

Құлпырған қыр гүлі
жеке
блог

Сәлем Массагеттіктер! Әне-міне дегенше қаһарлы қыста өте шықты. Құлпырып көктем келді. Табиғат оянып, жер беті жасыл желекке оранып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешек гүлдеп, дархан даланың сәні кіріп қалды. Бәйшешек

Бәйшешек демекші, сіздерге бүгін бәйшешек гүлінің емдік қасиеттері мен пайдасы жайлы айтамын. Дағдарыс кезінде дәріханаға шығындалғанша, 100% табиғи өнімді қолданып, ауруымнан айығамын деушілерге бүгінгі кеңесімнің пайдасы тиіп қалар деген ойдамын.

Бәйшешек (подснежник) - дара жарнақтылар класы, құртқашаштар тұқымдасына жатады. Ғылыми аты шафран, ел арасында "бәйшешек" деп аталып кеткен. Көктем айының басталуын күтпей ақпанның аяғында қар кетер-кетпестен жер бетіне гүлдеп шығады.Бәйшешек

АҚ ҚАН АУРУЫ

Дәрілік үшін сәуір айының онына дейін гүлі мен тамыры қатар алынып кептіріледі, ұнтақталады. Сол ұнтақтың 100 грамын жарты кг балға қосып араластырады. Дәрі даяр. Мұны ақ қан ауруына ұшыраған адамға күніне бір шай қасықтан 3 рет, қашан сырқат жағдайы жақсарғанша ішкізеді. Немесе осы ауру түріне, бұл ұнтақтың бір ас қасығын жарты литр қызыл шарапқа салып, үстіне 100 грамм бал қосып 4-5 күн тұрғызып, күніне 3-4 рет бір шай қасықтан (ас алдынан жарты сағат бұрын) ішеді. Емдеу мерзімі 3 ай.

Соңғы кездері бәйшешек тамырын сүтке пісіріп, өкпе туберкулезі, бронхит пен құрыспа ауруларына қарсы беріп жүр. Тамыр сабағы мен жапырағының қайнатпасы буын ауруларына да қарсы қолданыла бастады. Сондай-ақ қақырық түсіретін, несеп айдайтын, аздап іш жүргізетін де қасиеті анықталып отыр.

Жалпы бәйшешектің адам организіміне тигізер пайдасынан өзге ешқандай зияны жоқ. Тіпті, ерте көктемде бәйшешектен жақсылап салат жасап тамақ орнына да пайдаланған жөн. Қан құрамын жақсартып, ішек секрециясы мен тамақ бездерінің қызметін қалыпты жүйеге түсіреді. 

 

P.S. Міне, құрметті оқырман! Бәйшешектің осындай жақсы қасиеттері бар. Жалпы қазақтың дархан даласында дертіңе дауа болар сан-алуан өсімдік түрі бар. Соларды дұрыс қолданған жағдайда ғана жақсы нәтиже көре аламыз. Еңбегім лайкка лайық болса лайк басып, өз пікірлеріңізді жазыңыздар.