Асыл анам

Асыл анам
жеке
блог

Асыл анам

Анам мені аялаған жасынан,
Өтті талай қиыншылық басымнан.
Шыға алмаймыз шыр көбелек айналып,
Үйде жүрген анамыздың қасынан.

Асыл анам, ғасыр анам,
Ешқашан мұңаймаған , жасымаған,
Мен сенің әр қашанда қасыңдамын.

Анам мені тербеттіп аймалады,
Көзімді ашып танытты айналаны.
Жүрсе анам қасымда күліп ойнап,
Әр қашанда көңілім жайланады.

Ана деген қымбат маған асылдан,
Шуақ болып жер бетіне шашылған.
Сыйлау парыз ақ жаулықты ананы,
Келе жатқан сонау ескі ғасырдан.

Аяулы анам бағып қағып өсірдің,
Ұлым бар деп кең жайлаудай көсілдің.
Талай бұзық қылықтарды жасадым,
Сол кезде де анам мені кешірдің.

Кешіре гөр кешірім сұрар ұланың,
Мені іздесең қасында дайын тұрамын .
Байлық жетпес әлемде саған анашым,
Өзіңе ғана арналады бұл әнім.

Асығып анан сағынып сені келемін,
Келеді сені қуанышқа бөлегім.
Қақтырып қанат ұшырған өзің ұядан,
Арнап отыр өзіңе ұлың өлеңін.

Авторы:Ахметов Бақытжан Зейнеділдәұлы