Бұл оқиғаны көпке дейін ұмытпаспын
жеке
блог

Бұл оқиғаны көпке дейін ұмытпаспын

Осы апта рубежка уақыты болған соң, сабаққа бармадым. Күні бойы кино көріп, әлеуміттік желілерде отырдым. Ал, енді, емтиханға бір күн қалғанда, мұрнымнан су шыққанша дайындалайын кеп. Бар жоғы 4 сағат ұйықтап, оның 1сағаты ертеңгі күнді ойлаумен өтті. Әзер дегенде жастықтан басымды көтеріп, жинала бастадым. Жай күндердің өзі тұру қиынның-қиыны еді.

Қайтадан сотка щұқылап, уақытымды өлтіріп алдым.Сағатқа қарасам, шығатын кез.Апыр-топыр киініп, сыртқы есікті ашсам, есік ашылмайды. Біздің сыртқы есігімізде бір емес екі құлып. Жо-жооқ үйде бағалы заттарымыз жоқ, негізі. Осы есікті ашудың өзі азап. Сөйтіп, бірінші құлыпты ашып, екінші құлыпты ашайын десем ашылмайды. Мә, нағыз «паника» сонда басталды. Не істеймін? Кешіксем басым кетеді ғой. Неше түрлі ойлар кіріп-шығып кетті. Бақытыма орай ағам үйге келсін. Бірақ бәрібір өзі жапса да ашалмады. Біз бірінші этажда тұрамыз. Сонда терезеден секіре салмайын ба? деген ой келді. Қорқақ екенмін, секірмедім. Есікке барып, қайтадан кілттермен шұқыладым.  Сонда ғана, іштен жауып алатын үшінші құлыптың бары есіме түсті. Ұйқылы ояу, жапқаным болып шықты. Осы уақытқа дейін өз-өзімді кілттеп, қамауда ұстағандай болдым. Бұл оқиғаны көпке дейін ұмытпаспын. Мен ұмытқанмен ағам ұмыттыруға мүмкіндік бермес. Неше түрлі әзілдерімен күнде тиісіп отырады.

P.S.: Уақыт көзді ашып жұмғанша жоқ болады да қалады. Ал, әлеуметтік желілерге кіргенде зымырап өтеді. Әр сәтті көзіміздің қарашығындай қадірлей білейік. Бостан-бос дүниелерге ауытқымай.