Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / АҚШ-қа саяхат (2 бөлім)

АҚШ-қа саяхат (2 бөлім)

АҚШ-қа саяхат (2 бөлім)

      Мынау бірінші бөлімді жазып алып қайтадан жоқ болып кетті деп ойлап жатқан шығар біреу-міреулер. Екінші бөлімді ертесіне жазамын дегенмін көп адамдарға, онымен сәті түспеді. Блогтың бірінші бөлімін мына жерден оқуға болады. Ал екінші бөлімін осы жерден ахах.

1

     Сөйтіп ұшақтың аяғы мүлде басқа материкке тиіп, қонған кезде бір қуанып қалдық. Қонған соң, ұшақ әуежайдың ішінде де біраз айналып жүрді хехе. Ал мен терезеден қарап отырғанда көзіме таныс нәрсенің шеті көрініп қалды. Сөйтіп, бұл таныс бейне толық көрінгенде, смартфонымды алып шырт еткізіп суретке түсірдім. Сол фото мынау. Дәл біз қонардың алдында Кореядан келген ұшақ қоныпты. Бұл - тағдыр! Иә, иә тағдыр! Мен үшін бұл қуаныш үстіне қуаныш болды. 

2

     Ал, әуежайға кірген соң, кедендік бақылауда өтетін жерде Кореядан жаңа ғана келіп тұрған бір топ корейлерді көргенде... Негізі мен, Қазақстанда туып өскен кәрістерден басқа Оңтүстік Кореяның корейлерін өз көзіммен тек Алматыда SM GLOBAL AUDITIONда ғана көріппін. Біздің корейлер мен Оңтүстік Кореяның корейлерін салыстыруға келмейді ғой. Көбісі жастар екен. Кілең қолына бір қызды ұстап келген корей жігіттер. Қыдырып келген болуы керек. Киімдері, еркелеп сөйлегендері, шаштары дораманы еске салады. Негізі тек дорамалардан қатты ерекшелене қоймайды, тек оқиғалар ғана ойдан құрастырылған. Ал қылықтары, сөйлеу мәнері, киімдері дорамадағыдай :) Оларды фотосуретке түсіруді дұрыс деп ойламадым))    

3     Әуежайдан көлікке мінген соң, біз алдын ала интернет арқылы жалдап қойған қонақ үйге (немесе  үйге) жол тарттық. Біраз жер жүрдік.

6

     Өкінішке орай көліктің ішінде отырып суретке түсіру ыңғайсыз болып, көбі бұлдырап шықты.

65

     Осылай, біз өзіміздің интернет арқылы тапқан қонақүйге (немесе үйге) келдік. Осы жерде біздің алғашқы шытырман оқиғамыз басталды хехе. Мекен-жайға келгеннен кейін, біз қонақүйге ұқсас ғимаратты көре алмадық. Әйтсе де шамамен осы ау деген ғимаратты көрдік. Бірақ ол қонақ үйге қарағанда, қарапайым үйге көбірек ұқсайды. Оған қарама қарсы жолдың шетінде бірнеше қара нәсілді бомждар жатты. Қабырғалар болса - сурет-сурет. Кешіріңдер, бірақ мен бұл жерді суретке түсірмек түгілі, тезірек табанымды жалтыратуға тырыстым. Себебі, о, Құдайым біз Гарлем ауданында тұрдық! Дәл қасыңнан бұттарындағы шалбарлары түсіп қалайын деп жүрген, құлағында құлаққаптары бар қара нәсілділер жәй қадаммен өткенде - бір түршігесің. Ғимараттар, қабырғалар, киімдер, адамдар бәрі кинодағыдай болғандықтан, қазір бұл негр қалтасынан қару алып, атып жіберетін сезілді де тұрды :D Бұл Нью-Йорктағы көбіне қаралар тұратын криминалды аудан! Телефон арқылы мекен-жайға келіп тұрғанымызды айттық. Көп ұзамай келді, таза киінген қара нәсілді кісі екен. Мен сол бойы оның қонақ үй немесе үй екенін біле алмадым. Немесе Америкада жалға берілетін үйлер де, қонақүй деп аталады ма? Кім білсін.. 

     Бізді осы ауданда қалады деп ойлайсыңдарма? Жоқ, әрине! Басқа қонақүйге кеттік. Сөйтіп, Манхэттеннен қазіргі кездегі ең биік ғимарат Эмпайр-Стейт билдингке , бәріне таныс Таймс-Скверге, Apple Store-ға, Орталық Паркке жақын қонақ үй тауып алдық та, сонда жайғастық. Аты WJ (Вашингтон Бірдеңе). Мінекей:

65

   

74     

Бұл дүкен танымал бесінші авенюде орналасқан0

66

     Адамдары енді сөз жоқ мәдениетті. Бірнәрсе сұрасаң, тоқтай қалып, мәз болып білгенінше түсіндіреді. Ағылшынша кей сөздерді түсінбей жатсаң, бірден байқап, испанша сөйлей аласыз ба дейді. Алдымен неге бәрінің испан тілін сұрай беретінін түсінбедік. Әлде испандарға ұқсаймыз ба? хехе. Сөйтсек, біздегі орыс тілі секілді, Америкада ағылшын тілінен соң, испан тілі жүреді екен. Барлығы дерлік испан тілін меңгеріп алған.

 222

      Жалпы менің ағылшыншам керемет болмаса да, тіл жағынан  еш қиындық туған жоқ деп айта аламын. Бізге смартфондағы түрлі бағдарламалар және гугл көмектесті. Оның үстіне, туристтер көп болғандықтар, оларға барлық жағдай жасалған. Сызба-нұсқа, карта, көше аттары, барлығы түсінікті. Сондықтан, сізге Америкаға баруға тіл ешқандай қиындық келтірмейді. Бастысы, ең маңызды сөздерді білсеңіз жеткілікті.

     2222

      Жан-жағыңа қанша қарасаңда қаланың сұлулығына көздің тоюы мүмкін емес. Енді біз танымал Таймс-сквер алаңына баруға асықтық. Таймс-сквер туралы білмеген жандар үшін: бұл Манхэттендегі ғажайып алаң. Оны естімеген болсаңыз да, суретін кемінде бір рет көргеніңізге сенімдімін. Таймс-сквер әлемдегі туристтердің ең көп келетін жерлердің бірі екен (жыл сайын 50 млн адам).

0022222

 Таймс-сквер - Нью-Йорктың және бүкіл Американың символы.

Біз Таймс-Скверге әр күні жатар алдында келіп, қыдырып, сосын ғана қонақ үйге баруды әдетке айналдырып алдық.

36928585

 

Осыдан соң, біз Нью-Йоркте тұратын қазақ жігітпен кездестік. Ал ол туралы келесі бөлімде жазамын.

Себебі, маған ұзақ посттар ұнамайды ><

5
Рейтинг: +6

Жазылған уақыты: 29 ақпан 2016, 00:51
Тегтер: нью йорк, америка, АҚШ, Lee Yo Ma, блог, саяхат, туризм, қазақша,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.