Кім едің сен? (Үзінді )

Кім едің сен? (Үзінді )
жеке
блог
Тәрбиеге адам бар ма бастайтындай?
Жаман әдет дүниеде ашпайтындай.
Бала деген,жерде жатқан зат емес қой,
Апарып оны,қоқысқа тастайтындай.
 
Не керек сенің адам деген құр атағың?
Сен,адамсын қажеттікті сұрататын.
Бала деген кім өзі? тастай салып,
Ес білместен сәбиді жылататын.
 
Кім едің сен? біреуге зиян келтіретін,
Көтерердей аспанға көкірегін.
Кім едің сен? көз ашпаған кіп-кішкентай,
Сәбилерді, келмей жатып өлтіретін.