Кітап оқудың маңыздылығының 7 себебі
жеке
блог

Кітап оқудың маңыздылығының 7 себебі

Кітапты өртегеннен де асқан қылмыс бар. Ол кітап оқымау. © Рэй Брэдбери

Адамзат баласы миын дамытып тұру үшін әрқашан жаттығулар жасау керек. Ол үшін үнемі кітап оқып және оқыған кітаптің мағынасын түсінуге тырысу керек. Кітап оқудың маңыздылығының 7 себебі бар:

1. Кітап оқу тілдік қорын арттырады.

Кітап оқыған кезде әрі жаңа мәліметтер үйреніледі, әрі күнделікті қиыншылықтарыңыздан аз болса да ұзақтаған боласыз. Көп кітап оқыған адамдардың сөйлеу мәнері дұрысталады. Әдемі және түсінікті сөйлемдер құрады. Пікірін орынды түрде жеткізе алады. Сабырды үйренеді.


2. Оқу адамдар арасында қарым-қатынас құруға көмектеседі.

Этика, эстетиканың барлығы кітапта. 19 ғасырдың классикасынан бастап қазіргі заманауи кітап қорлары адамды рухани азықтандырып қана қоймай, сонымен қатар басқа адамдармен өзін-өзі ұстау этикасын да үйретеді.

 

3. Адам көп оқыған сайын сенімділігін арттырады. 

Білімді адам әрқашан қандай жағдай болмасын қиындықтарды төзіп, ашуын сабырменен басады. Бұл адамның бойында сенімділік қасиетін тудырады.


4. Альцгеймер ауруының алды.

Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп айтамыз.  Осы дертті алдын-алу үшін дәрігерлер көбірек кітап оқуға кеңес береді.

 

5. Оқу адамның ойлау мен есте сақтау қабілеттерін арттырады. 

Адамдар кітаптың күшін бағаламайды. Кітап оқу баяғы заманнан бері адам миы үшін керемет жаттығу болып табылады.

Мамандар тобы 294 адамға есте сақтау және ойлау қабілетін тексеру мақсатында жүйелі түрде сауалнама жүргізген. Бұл зерттеуді 6 жыл көлемінде орта жастағы адамдардың жасы 89-ға келіп қайтыс болғанға шейін жүргізген. Сонымен қатар ғалымдарды ол адамдар қай кезде белсенді түрде кітап оқып, жазып және басқа да танымдық жұмыстармен айналысқандығы қызықтырған. Адам өлімінен соң мүрдені зерттеу барысында ғалымдар олардың миынан деменция белгілерін іздеген. Миын сирек жаттықтырған адамдарға қарағанда жас кезінен көп оқып, көп жазған адамдардың ойлау қабілетінің белсенділігі 15 пайызға жоғары екендігі анықталған.

 

6. Адам баласы оқу арқылы өзінің қоршаған ортаға көзқарасын өзгертеді.

Әрбір кітаптың авторы өз шығармасында оқырманды белгілі бір тақырыпқа байлансыты ойын жеткізеді. Осыған орай оқырман қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертеді.

 

7. Кітап оқу психика үшін пайдалы

Оксфорд университетінің ғалымдары кітап оқу ақыл-ойды ғана емес, жан мен тәннің саулығын да арттырады деген қорытындыға келіп отыр. Әсіресе кітап оқудың күйзелістен арылтуға ықпалы зор екен.

 

Заманауи технологияның дамыған кезінде кез-келген кітаптың электрондық нұсқасы бар. Яғни, бұрынғы кездегідей кітапты сатып алудың еш қажеті жоқ. Сондықтан, кітап оқудан бас тартпайық.