Ашулы кезге арналған 6 кеңес
жеке
блог

Ашулы кезге арналған 6 кеңес

"Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос" деген данагөй бабаларымыздың ұлағатты нақылын ұмытып, бір сәтке болса да ақылымызды ашуға жеңдіріп, өз - өзімізді басқара алмай қалатын сәттер болып тұрады, тіпті,кейбірімізде жиі десек те болады. Осындай сәттерде артық кетіп қалмас үшін психологтар мынадай 6 қарапайым кеңестерді ұсынады:

 

1) Ашу ыза мен ақымақтық белгісі. Қайталанбауына әрекет жасаңыз.

 

2) Айтылмаған ойыңыздағы әрбір сөзге  қожа, айтылған сөзге құлсыз. Сабыр сақтаңыз!

 

3) Сізді ашуландырса, ештеңе айтпастан көзіне тіке қарап кетіп қалыңыз.

 

4) Ашуланған адамға қарымта қайтармаңыз, тіпті, ол жайлы ойыңызға да алмаңыз.

 

5) Өзіңізге "тоқта!" деп айтып, әдетке айналдырыңыз.

 

6) Адамдарды ренжіткіңіз келмесе, телефон қоңырауларына жауап бермеңіз.

 

          Ашулы сәтте осы қағидалар ойыңызда болса, ашудан әп сәтте құтыла аласыз.  

Дұшпаның аз, досың көп болса —

Зор боласың.
Ақылың аз, ашуың көп болса —
Қор боласың, - демекші, Ашулы емес, Ақылды адам болуға талпынайық!!! Жүрегіміз мейірімге толы болғай! Ақылды қалқан, сабырды желкен етейік!Ашу ақылсыздықпен басталып, өкінумен аяқталады.