Біз алғаш кездескен күн...

Біз алғаш кездескен күн...
жеке
блог

Жатақхана біз алғаш кездескен күн,

Сол бір түн енді оралып келмес дермін.

"Құшағыма келші" деп өтінгенде,

Сонда сен жоқ деп қалсаң мен не істермін?!

 

Құшағыма қыстым кеп қаттырырақ,

Бетіңнен сүйдім сосын аптығып ап.

Тəңірімнің сол түні сыйындай-ақ,

Қара аспаннан мамық қар жатты құлап.

 

Ұйқысынан оянып балаша күн,

Таңын солай қарсы алдық қарашаның.

Саған ғана жүрегім құштар болса,

Жүрегіммен несіне санасамын?

 

Өз жаныңа мені де тұсадың ба,

Берілмеймін ендігі құса, мұңға.

Бақытыңа бөле де сол түнгідей,

Өмір бойы жүре бер құшағымда!