Ағылшын тілін үйреніп жүргендерге +3 кеңес. 2 бөлім. Видео.
жеке
блог

Ағылшын тілін үйреніп жүргендерге +3 кеңес. 2 бөлім. Видео.

1. Vocabulary.  Сөздік қор.

 1) Apps – бағдарламалар. Ағылшын тілін үйренуге арналған бағдарламалар интернетте толып жатыр. Үнемі қолыңызда жүретін ұялы телефоныңызға орнатылады.

Ресурстар: HIQ Lockscreen;  DuoLingo; Lingua leo;  Words

(Simple Wikipedia)

 2) Books

Қазіргі әдебиетті оқыңыз. Ескі, Шекспирдің кезіндегі керек емес. Олар күрделі және онда кездесетін сөздер қазір қолданылмайды. Кітап оқып жатқанда, барлық сөзді білуіңіз міндетті емес. Жалпы не жайлы баяндалып жатқанын түсінсеңіз болғаны. Негізгі деген сөзді аударып, әрі қарай жалғастыра беріңіз.

 3) Stickers

Үйіңіздегі, жұмыс орныңыздағы барлық заттардың атауын стикерлерге ағылшынша жазып, жабыстырып шығыңыз. Сізді қоршаған заттардың атауларын ағылшынша жылдам жаттап аласыз.

 2. Listening


 

 1) Movies (english subs)

Ағылшынша фильмдерді орысша субтитрмен көргеннен ешқандай нәтиже болмайды. Тек ағылшынша субтитрмен көріңіз. Және ол ағылшын тіліндегі контексті жеткізбейді. Мысалы «oh shit» дегенді «О, боже» деп аударады. Оқып үлгеру үшін, видеоның жылдамдығын баяулатып қойыңыз. Алдында орыс тілінде көрген фильміңізді ағылшын тілінде қайталап көргеніңіз жөн. Себебі сюжетін түсініп болам дегенше қиналып кетсіз. Барлық назарыңызды тілге бөліңіз. YouTubeте де көп фильмдер табуға болады.

Негізгі ресурстар: Ororo.tv,     Ext@,   Thepiratebay,   TED. Com 

2) Songs (+ lyrics)

Ағылшын тілінде әндер тыңдаңыз. Олардың сөзін тауып, бірге айтыңыз. Frank Sinatraның, және менің оймша The Beatlesтің орындауындағы әндер өте түсінікті.

 3) Audiobooks

ВК әлеуметтік желісінде, жалпы ғаламторда ағылшынша аудиокітаптар көп.

3. Speaking


 

 

  1) English time

Күнделікті уақытыңыздың белгілі бір сағатын ағылшынша сөйлеуге арнаңыз. Ағылшын тілінде сөйлесетін, шетелдік достар табыңыз. Олармен желіде жазысыңыз.

 2) With yourself

Мен өз-өзіммен сөйлесемін. Есім дұрыс па деген сияқты сұрақ мазалады. Өз-өзіңмен сөйлесудің ешқандай жаманшылығы жоқ, керсінше артықшылығы көп деген мақаланы оқыдым. Өз-өзіңізбен ағылшынша сөйлесңіз. Ағылшынша ойлаңыз.

 ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ

Ағылшын өмір салтына айналу керек!

http:// www.newsinlevels.com/# деген сайт бар. Сол жерде деңгейіңізді тексеріп, соған байланысты бір жаңалықты түрлі деңгейде оқисыз.

Қателер жасаудан қорықпаңыз!

Қателер арқылы үйреніңіз. Керсінше қате жасағаннан кейін, соған назар салып, жақсы меңгересіз. «Қате жасадым, туу» деп емес, «ой, қате ма не?, қызық екен» деп қабылдаңыз.

Ағылшынша сөйлеуге қорықпаңыз!

Қорықпай, ұялмай сөйлей беріңіз. Ағылшынша фильмдер көргенде, актерлер сөйлегеніндей қайталаңыз.  

 Құр сөзді жаттамай, оның мағынасы арқылы жаттаңыз!

 Мысалы

«I have a pen» емес,  «I need a pen to write» деп жаттаған жөн.

 Грамматикаға:

«English Grammar In Use» Raymond Murphy

Сондай-ақ, «Admeнің» ағылшын тілін зерттеудегі үздік 70 ресурстың тізімін қараңыз. Өз ыңғай, қалауыңызға байланысты таңдап алыңыз. Тандаудың болғаны қандай жақсы.

www.adme.ru/zhizn-nauka/40-poleznyh-resursov-dlya-besplatnogo-izucheniya-yazykov-776060/