Тіл

Тіл
жеке
блог

: “Тілім үшін текетіресуге дайынмын!” 

 

Тағдыры мыңтарау бауырлас татар ұлты, өкінішке қарай, әлі күнге дейін ділі мен діні жат, тілі мен болмысы бөтен жұрттың ортақ қазанының қақпағына қарайлауға мәжбүр болып отыр...

Әйткенмен, қария тарихтың қадау-қадау қатпарларында таймас татардың қилы бір замандарда кеудемсіген қазіргі орыс-өкірешті де тізесіне басып, табанында таптағаны адамзатқа аян...

Бәлки, тектінің қанының тасып, тепсінуін тежей алмауы ма екен, былтыр Қазан қаласындағы орыстілді оқушылардың ата-аналары «мектепте татар тілін оқытуға қарсы» ұйымдастырған пикетте өзінің ана тілі – татар тілі үшін – тобыр шовинистерге қарсы шыққан кайсар Сүйінбикенің сіңілісі, татардың сүйкімді де намысты қызы, Татар Ұлттық Тарату («ТНВ») арнасының тілшісі әрі жүргізуші Эльмира Исрафилованың ерлігі күллі татардың намысын жанып, делебесін қоздырды...

Батырлыққа пара-пар бұл батылдық – татардың ғана емес, бүкіл түркінің ортақ, орасан қуатты рухына қозғау салды...

...Эльмира Исрафилова шовинистердің арандатуына ұшырады.

Тіпті, пикетшілердің біреуі «татарская морда» деп, намысына тиетін сөз айтқан соң, оған жауап ретінде Эльмира Исрафилова: «Егер әлдекімге татар тілі ұнамаса, Татарстаннан кете беруіне болады» – депті.

Орыс шовинистері: «Біз осында тудық, ата-бабаларымыз да осында жатыр, қайда кетеміз?» – деп, міңгірлей бастағанда, татардың жолбарыс жүректі аруы: «Бұрнағы басқыншылық қадеттеріңді ұмытуға тура келеді. Мен татар тілі үшін кез-келгеннің кеңірдегін қиюға дайынмын!» – деп, бір-ақ кесіп айтқан...

...Оқиғадан кейін орыстар «Эльмира Исрафилованың экстремистік сипаттағы сөздеріне қарсы» қылмыстық іс қозғау туралы полицияға арыз түсіріп, Эльмираға жала жапқан.

Алайда, жергілікті құқық қорғау органдары тілшінің сөздерінен заңға қайшы келетін ілік таппай, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. («Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай, біздің Ыбырай – сұмырай» демекші, біздің қазақтың ұлтшылдықтан жұрдай, жігері жоқ, намысы тапталған құқық орындары өзінің қазағының жағасына жармасып шыға келер еді?!.)

Ол-ол ма, журналистің мұндай сөздерді өзінің жеке басына және туған ұлтының намысына тиюге қарсы мәжбүрлікпен айтқанын мәлімдеген Татар ұлтшылдары жұмыла көтеріліп, ұлтшыл қыздарын қорғап қалды.

Жарайсыңдар, татар бауырларым! Атпал азаматтың қасиетін танытқан Эльмира қарындасымыздың өркені өссін!!!

Біздер – қазақтар да – рух пен намыстан құралақан емеспіз. Батырлар мен хандардың асыл текті ұрпағымыз...Казакша сойлесеиік

Мен де қазақ тілі үшін кез-келгеннің кеңірдегін қиюға дайынмын! Ал, сен ше, қазақ бауырым?!. (Мәселе, сонда?!.)