Балалығым

Балалығым
жеке
блог

Қайырлы кеш достар ! Массагетке кірмегелі үш жыл болыпты. Аккаунттың бәрін кілттедік бұл үшіншісі)

Баламыз. Күнде ойын, күлкі . Тамағын тоқ, көйлегін көк. Жаман шанаң болса болғаны сырғанаққа шығасың. Үйдің сенде шаруасы жоқ , барсың ба , жоқсың ба?! Күнде әр үйден түтін будақтап тұратын. Менде қарным ашқанда үйге қарай жүгіремін. Келе жатырып үйдің төбесіне қарап қоясың , түтін будақтап тұрса жүзіңе жымиыс келеді, асыға жүгіресің. Анам қарсы алады. Бір сөзі жоқ, тамағын дайындаулы, асты ішіп , пештің түбінде пырылдап ұйқыға кетесің. Анамыз сонда үйдің күлімен кіріп, күлімен шыққан екен ғой. Бәрі ыстық еді. 

Пештің қасына жиналып шай ішетініміз, әсіресе свет сөніп қалғандағы уақытта бәріміз жиналып қалып шамға қарап отыратынымыз...

Бәрі ыстық еді..ыстық...