Джентельмен балақай

Джентельмен балақай
жеке
блог

Он жасар бір бала кафеге кіріп, үстелге отырады. Оған бір официант қыз жақындап келеді.

- Жаңғақ қосылған балмұздақ қанша тұрады? - деп сұрайды бала. - Елу цент, - деп жауап береді қыз.

Бала қолын қалтасынан шығарып, тиындарын санап алады.

- Ештеңесіз, жай балмұздақ қанша тұрады? - деп қайта сұрайды бала.

Басқа да үстелдегі клиенттер тосып қалады, официант қыз жындана бастайды:

- Жиырма бес цент, - деп тез жауап береді.

Бала тағы тиындарын санай бастайды.

- Жай балмұздақ алып келіңізші, - деп шешеді ол.

Офицант қыз балмұздақты әкеліп, үстелге шотты лақтыра салып, кетіп қалады. Бала балмұздағын жеп, шотты кассада төлеп, шығып кетеді. Офицант қыз үстелді жинауға келсе, бос стақанның жанында тағы жиырма бес цент - оған шайпұл қалдырып кеткенін көреді. Бұл көріністен оның көзіне жас толып, жүрегі елжіреп кетеді.

Ешуақытта адамның іс-әрекеттерін көрмей, алдын-ала қорытынды шығармаңыз.