ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ СЕЛФИЛЕРІ

Селфи туралы қысқаша мәлімет:

Селфи (ағыл.т self-өзі)- әлеуметтік желіге салынған смартфон немесе планшет арқылы түсірілген өзінің суреті немесе фотоавтопортрет. 
Selfie сөзі алғаш рет 2002 жылы 13 қыркүйекте Австралиядағы интернет форумда пайда болған. Селфидің алғашқы қадамы " Мой мирдан " басталған. 
Селфи 2 түрге бөлінеді: тура (смартфон автордың өзіне қаратылады) және айна арқылы (айнаға қарап түсуру). 
2013 Оксфорд ағылшын тілі сөздігінде «selfie» жыл сөзі атанған.
«Ең мықты селфи» Оскар марапаттау кешінде түсірілген сурет. Кеш жүргізуші Элллен Дедженерс өзін голливуд жұлдыздарымен түсірген еді. Твиттерде барлық рекордтарды басып озып, 3,2млн дауыс жинаған.

Елбасының селфилері.

Елбасымен түсірілген ең соңғы селфи болуға үмітті селфи, өкінішке орай түсірілмей қалды. ТМД басшыларының өткен жылы Бурабайда ұйымдастырылған басқосуында еліміздің ең танымал  миллиардері Болат Өтемуратов бұл істі амалға асыру ойында болған еді. Бірақ ірі басқосуда елбасының шаруасы тығыздығынан бұл іс амалға асырылмады. Солай болсада,  Болаттың селфиге әрекеттенгені камералар назарынан тыс қалмады... .


Төрт дүркін әлемнің, екі дүркін Олипиаданың шыңын бағындырған ауыр атлетикашымыз Илья Ильин елбасымен селфи түсірген спортшыларымыздың бірі. Ол бұл селфиді елбасымен "Астана Опера"да түсірген болатын.


 

 Орал қаласында өткен жастар форумында елбасымен топтық селфиде түсірілді. Ол жерде еліміздің танымал тұлғаларынан  Майя Манеза, Серік Сапиев, Сабина Алтынбекова, Нұрлан Коянбаев, Илья Ильиндер болған еді. Бұл селфиді  Майя Манеза және Серік Сапиев телефонға түсірсе,  Илья Ильин фотоаппарат көмегіне жүгінген..  



 Елбасының шет елдік қонақтармен жасаған әзірше жалғыз селфиі Малайзия премьер-министрі  Наджибом Тун Разакоммен түсірілген.


Cуреттер www.gorodpavlodar.kz сайтынан алынды.

Ғарыштағы селфилер - https://massaget.kz/blogs/13953/


Бөлісу: