Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Тау мен тау кездеспесе де

Тау мен тау кездеспесе де

Тау мен тау кездеспесе де

Иәә, де...

Қайыржан жақсы эстафета бастады. Мен үшін әңгіме романтикада, махаббатта емес, күтпеген, тосын кездесулерде. Олардың классикалық үлгісі мынадай болуы керек: Айталық, Жарқын Бейжіңнің көшесінде кетіп бара жатса, алдынан Тарбағатайдағы көршісі шыға келсе... Немесе танысу сайтында анонимді жағдайда танысып, кездескен қыз бен жігіт бір ұжымдағы әріптес болып шықса...

Осы эстафета маған тиген күні спортзалдан көңілденіп шығып едім, үйге жеткенше көңілім Алматының ауа райындай болып, бұзылды да қалды. Өзінен өзі. (Биполярное расстройство)))). «Өмірім – мағынасыз, өзімнің сиқым мынау» дегендей, іштей түңіліп, көңілімді тұқыртып келе жаттым. Сөйттім де, ҚазҰУ жақтағы «Қағанатқа» кірдім.

Кезекте тұрған екі жігіттің соңғысы алтын асықтай екен, тфә, тфә. Ол сәл ойланып кеткен екен, кассадағы қыз қолын көлбеңдетті. Сол жестті пайдаланып, жігіт оған «қай жақтансың» деп, әңгімеге тартты. Екеуіне қарап қалғаным сол-ақ еді. Жігіт маған: «Сіз Ақтөбедегі тележурналистсіз ғой» демесі бар ма?!

Ақтөбелік екен. Жалғыз жүр. «Қасыма отырарсыз» деді. Екеуміз тамақтанып отырып таныстық. «Қарындасымды жатақханасына шығарып салғанмын» деді. «Сізді білемін, музыкалық колледжде репортаж жасағансыз» деді. Ең қызығы – «Ойылданмын» дегені болды! Құдай-ау, бағанадан бері сөйдемейсің бе?!! Алматыда екі ойылдықтың кездесуі – «почти что» Бейжіңдегі екі тарбағатайлық. Ойылда мен танымайтын адам бар ма, сұрақты қойып-қойып жіберіп, Шамшаддиннің өзімнің бір бауырым екенін білдім. Рок музыкадағы жаңалық – «Алдаспан» тобының мүшесі! Талантты, кәсіби білікті, сайдың тасындай бала – жерлесім. Мен ауылдан кеткенде, ол 10-ға да толмаған болар, есімде жоқ...

Әйда, ауыл-елдің, туыс-жақындардың амандығын сұрай бастадық. Ата-анасы мен менің әке-шешем жақсы араласып тұратын. Анасы бізге білім берген, папасы – елге сыйлы азамат. Әпкесі – менің парталас махаббатым. Ал өзі... «Қарындасымды шығарып салдым» деп өтірік айттым, ол құрбым, ол да ойылдық» деп құрбысының аты-жөнін айтты! Тағы да қызық – менің Нұрбек деген жиенімнің қызы! Яғни, бұл бауырым ғана емес, болашақ күйеу балам да.)

Екеуміз ары қарай сыралатуға кеттік. Екі қорап темекіні шегіп тастадық. Саптыаяқтарды да бірінен соң бірін босаттық. Сөйлесіп отырып, Жарқынның інісі Жалынның сыңарын көргендей болдым. Мінезі өзіме келеді. Турашыл, жаңашыл, таптаурын дүниені өзгертіп, тың нәрсе шығаруға бейім, ашық, ойы терең, көркі де ақылына сай, «Алдаспанның» алдағы мақсаттары жайлы айтылды. «ТенгриФМ» мен «Массагет» жайлы да айттық. Топ мүшелері осы радио мен порталға сұхбат беріпті. Не керек, бұл кездесуден құр сүлдер жүрген менде қан жүгірді... Әлі позитивтемін. «Алдаспанның» түркілік рухқа толы әуендерін тыңдап отырмын.

Тезистер: 1) интуиция деген құдірет ақиқат! 2) тілбезерде істеменде танымай-ақ кетер ме едік?! 3) екі ойылдықты кездестірген «Қағанатқа» рақмет; 4) «Алдаспанның» мүшесі – ауылымның баласы! 5) «Тенгри» мен «Массагет.кз» туралы айтылғанда елең еттім! 6) әпкесі туралы айтқанда жүрегім біртүрлі болып кетті... 7) талапты жастарды көру қашан да қуанышты!

Басқа да күтпеген кездесулер:

1)    Студент кезімде бір қыздың артынан жүгіретінмін. Ол қарамайтын. Ақыры басқа жігітке күйеуге шығып кетті. Арада жылдар өткенде Астанадан Ақтөбеге жүрейін деп тұр едім, екі апай келіп, амандасты. Қарасам, сол қыздың екі тетясы екен. Менің «джентльмен» екенімді айтпақ болыпты...

2)    Бірде Ойылға бара жатыр едім, жеке автобуста Берсиев деген ауылдың бір тәрбие көрмеген бойжеткені барғанша «концерт» қойып барды. «Ә» деген жұртқа «мә» дейтін қыз екен. Содан ішімде бір кек қалды... Бір күні облыстық телеарнаның жаңалықтар қызметіне бір қыз жұмыс сұрап келді. Әлгі қыз екен! Бір «крышасы» жіберіпті. Сол қызды стажировкадан емес, тозақтың өзінен өткіздім. Қанын, жүйкесін сығып тұрып. Автобустағы ерсілігіне өмір бойы өкініп өтетін болды! Кейін жаным ашиды, әрине.

3)    Бірде танысу сайтында біреумен телефон алысқанмын. Сөйлескен кезде ол мені танып қойыпты – менімен бір жерде жұмыс істейді екен.

4)    Бірде тағы да сол танысу сайтынан тапқан құпия адамымның пәтеріне кіріп келсем, онда жұмыстасым жүр екен...

5)    Бірде Ақтөбенің ЦОН-ына барып едім, терезенің ар жағындағы менеджер қыз «Болатбек, сәлем» дейді. Бейджіне қарап барып таныдым – бала кездегі дос қыз! Араға жылдар салып, достықты жалғап жібердік!

6)    2007 жылы Алматының «Ақ қайың» санаторийінде демалғанмын, сонда таңертең бір орыс апаймен бірге жүгіретінмін. Екі жыл бұрын Алматыда Клавдия Григорьевна деген кісінің пәтерін жалдадым. Санаторийде болған сол апай екен!

7) "Ұлан" газеті арқылы көп адаммен танысатынмын. Қазір соларды көргім келеді.  

 

Мұндай жайттар көп енді... Осымен тоқтайын. Кезек Шахмұратта!

38
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 07 сәуір 2012, 17:59
Тегтер: туған жер, ойыл, талант, алғашқы махаббат, кездейсоқтық

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.