Шабыт,кел,мейлі!

Шабыт,кел,мейлі!
жеке
блог

Қайдасың, шабыт?
Неге бүгін келмедің?
Бір күні бар, бір күні жоқ,
Самал ескен жел медің?

Жапанда жалғыз қалсам да,үміт оты сөнбейді,
Құшағым кең қашанда, кеш болса да, кел, мейлі!

Қарапайым тілде айтатын болсақ,шабыт- адамның белгілі бір әрекетті істеуге ниетті кезінде сергектікпен ілесіп келетін,ерекше көңіл сыйлайтын сезімі немесе күйі.Әдетте,шабыттанған адамның өз өзіне сенімділігі жоғары болады және ол "іске асырылмайтын дүние жоқ" деген ұранмен қызу іске кіріседі.Өнер адамдарына ең қажеттісі де шабыт.Шабытты біреулер табиғаттан,біреулер махаббаттан,ал біреулер жалғыздықтан табады.Киелі өнердің қай туындысы болмасын,шабыттың негізінде дүниеге келеді.

"Шабытты қалай оятуға болады?"" сұрағына жауап ретінде сіздерге төмендегі екі тәсілді ұсынамын:

1) Өзіңіз пір тұтып,сұқтанатын адамның шығармасын зерттеңіз.Әрине,біреуге еліктеу немесе шығармасын көшіріп алу (плагиат) дұрыс емес,бірақ ізденіп,ақпаратттарды зерделесеңіз санаңызда жаңа ойлар туындап,шабытыңыздың оянуы әбден мүмкін!

2) Туындының маңызын және қажеттілігін жан-тәніңізбен түсініп,сезініңіз.Бәлкім,сіз бұл шығарманың не үшін қажет екендігін түсіне алмаған боларсыз?"Бұл маған не үшін қажет?Мен оны қандай дәрежеде жазып шығуым керек?Бұл шығарма менің өміріме қалай әсерін тигізеді?" сынды сұрақтарды қоя отырып шығарманың қажеттілігінің мәнін анықтай аласыз.Нәтижесінде, шабытыңыз іске қосылып,керемет туындының авторы атанасыз!

 

Сіз шабытыңызды қалай оятсыз?