Аудан мерейін асқақтатты

Аудан мерейін асқақтатты
жеке
блог

Талай дарындарды дүниеге әкелген, биыл 80 жылдығы аталып өткен бұл өлке небір марғасқаларды  өз топырағында түлетіп ұшырғаны баршамызға мәлім. Соның айғағы, жақында ғана Алматы қаласында өткен «Ақ көгершін» республикалық байқауына ауданымыздың намысын қорғап келген өнер мектебінің Мусаева Айгерім Асхатқызы дирижерлік еткен оркестр ұжымы талай тарлан мен талантты көрген әсем Алматының сахнасын бағындырып  І орынды иеленіп, сондай-ақ, Астана қаласында өтетін Халықаралық жолдамаға ие болып қайтты. Ал, домбырадан жеке орындау бойынша Кенжеғалиева Ләзиза ІІ орын, Саттығұлова Алнұр ІІ орын алса, жеке орындау бойынша шертер аспабынан Жаңбыров Қуаныш ІІ   орынға ие болды. мың бұралған қыздардан қүралған «Інжу-маржан» би тобының кіші тобы ІІІ орынға жайғасса, орта тобы ІІ орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, ұжымға жетекшілік еткен Мусаева Айгерім Асхатқызы, Қараманова Гүлдәурен Жоламанқызы, Қамалова Қарлығаш Ахмедиярқызы «Лучший педагог» грамотасымен марапатталды және Адайбекова Гүлсара Сәрсенбайқызы «Лучший педагог» және «Почетная грамотамен» марапатталды.

       Топ ішінен оза шауып, Индер ауданының мерейін асқақтатқан өнерпаздарымызға алдағы бәйгелерде де толағай табыстар мен жеңіс тілеймін!

                        Жастар ресурстық орталығының маманы

Жадыра Нариманқызы