Қалың қалай, студент?

Студент десе ең алдымен ойға оралып түсетін сөз ол-жатақхана. Бірінші айда ешкімді танымағасын қызықсыздау, «аш емессіңдер ме?», «жатақханада тұрған қалай екен?» деген сұрақ көп қойылатын. Қарнымыздың тоқтығын, уайымымыздың жоқтығын ауыз толтырып, таныстарымыздың аз екенін айтатынбыз. Ал қазір...Қарнымыз ашқан сәтте бөлме аралап тойып қалатындай бәрін болмаса да, біраз адамды білеміз. Қызықтырақ. 

Қыркүйек болса керек, жатақханда тамақ пісіретін жерде қыздар болып ас дайындап жүрген болатынбыз. Әшейінде тыныштықпен ғана достасқан біздің қабаттан гүр-гүр еткен дауыстар естіле бастады. Сөйтсек, әр бөлменің есігін бір қағып, нан сұрап жүрген ер балдар екен.Бірінші курс. Жатақхананың өмірін әлі біле қоймаймыз, сонда біз «нанды да сұрайды екен-ау!» деп күлген болатынбыз. Күлме досқа, келер басқа демекші,кім ойлаған… Әрі қарай жазбай-ақ түсінікті болар?.. 

Үйде ғой ол ақшаны оңды-солды шашып жүргенімізге мәз болғанымыз. Жатақхана, студенттік өмір ақшаны үнемдеуді, ата-ана, бауыр, туыстардың қадірін түсінуді үйретті. Мүмкін әлі толық түсіне қойған жоқ болармын. Ештеңе етпес. Алда әлі бақандаай үш жыл бар. Университетті бітіремін дегенше жатахқанада тұратын ойым бар. Шынымен де қызық қой мұндағы өмір, КЕЛІСЕМІСІЗ?

Пы/сы: суреттегі тобым-Қазақ журналистикасы-21



Бөлісу: