Павлодарлық "Ертіс" соңғы трофейін жеңгенде...(2003)

Павлодарлық "Ертіс" соңғы трофейін жеңгенде...(2003)
жеке
блог

АҚШ және оның жақтастары Иракқа баса-көктеп кіріп, Саддам Хусейнді қолға түсірді.

Ахмет Қадыров шешен халқының президенті болып жарияланды.

Футболдан Қазақстан чемпионатының командалары дәл осындай еді.

Әлі "Дом-2" ашылған жоқ.

Батырхан Шүкеновтің "Отан-ана" атты алғашқы альбомы жарық көрді.

Роман Абрамович "Челсидің" акцияларын сатып алды.

Сеск Фабрегас, Хавьер Маскерано, Серхио Агуэро сынды футболшылар профессионалды мансабын бастады.

"Кариб теңізінің қарақшыларының" алғашқы фильмі жарық көрді.

Михаэль Шумахер "Формула-1де"6 дүркін чемпион болды. Бір жылдан кейін жетінші чемпиондыққа қол жеткізеді. Бұл нәтижені осы күнге дейін ешкім қайталаған емес.

Әлем алғашқы рет Жозе Моуринью жайлы білді. Оның "Портуы" Чемпиондар Лигасының жеңімпазы болды.

16 жасар Месси "Барселоның" сапында алғашқы ойынын өткізді.

Криштиану Роналду кәмелеттік жасқа толды. Португалия құрамасында дебютінен кейін, "Манчестер Юнайтед" сапына ауысты.

 5000 теңгелік банкнот дәл осындай еді.

"Алтын доп" иегері - Павел Недвед