Өмір өзен.

Өмір өзен.
жеке
блог

Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің қабылдап аласың ба?
Қарасымен шамам жоқ таласуға
Ей өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,                          
Желігесің,  түсесің қара суға,
Құйын қуған қаңбақтай аласұра
Ей өмірім, зымырап барасың ба?!
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған аласым да,
Мені тастап толқындар ағасың ба,
Толқындатып өмірім барасың ба.
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба өмірім қиындаған.
Сыйын маған , Ей Өмір!
Ей Өмір! Сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған... деп Мұқағали атамыз жырлап кеткендей өмір жайлы өлең шумақтарын жазбаған ақын жоқ шығар сірә?! Осы тұста өмір жайлы біраз толғансақ.
Өмір...Өмір деген-шыр етіп дүниеге келген сəтіміз бен күн жетіп, тəнімізді топыраққа берген сəтіміздің аралығы. Өмір-толассыз өткелдерден тұратын ұзақ жол. Əр өткелдің өзіндік қиындықтары бар. Бақытты өмір емес, бақытты күндер бар дейді. Яғни, өмір жолы күреске толы. Оны біреулер жылап, біреулер шыдап көтереді. Көзді бір ашып жұмсаң, жолдың жартысына келген боласың. Əрі қарай тағы да бар. Бірақ жолымыздың соңы қашан, тоқтар жеріміздің қайда екенін білмейміз. Өмірде болатын барлық оқиғалар сенің пешенеңе жазылып қояды. Адам яғни, маңдайына не жазса соны көреді. Бәріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана деп айтпақшы біз тек пендеміз! Жұмыр басты пендеміз кей-кездері пендешілікке жатпайтын әрекеттерге баруы әбден ықтимал. Біз адамдар өмірді терең түсіне алмай келеміз. Ал өмір болса, біз ойлағаннан да күрделі...Өмір адамға бір-ақ беріледі. Сол себептен қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда тек жақсылық жасауға ұмтылған жөн болар еді.