Исламбек Қуат Түркия халқына қаһарман атанды!

Исламбек Қуат Түркия халқына қаһарман атанды!
жеке
блог

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияны ұтты. Ригада өткен ойында отандастарымызға жеңіс сыйлаған голды Исламбек Қуат соқты.  

Иә, қарап тұрсаң бұл жеңістің біз үшін, бесінші орынға көтерілгеннен басқа, айтарлықтай маңызы жоқ десек те болады. Дегенмен жеңістің аты жеңіс, жігіттердің соңғы ойында намысқа тырысып, үш ұпайды алғандары қуантады.

Бірақ әңгіме басқада. Бұл жеңіс бізге емес, алыстағы ағайынымыз Түркияға ауадай қажет еді. Иә, Тәңірі бәрін айналдырып келіп, түріктердің Еуро-2016 іріктеу турниріндегі тағдырын қазақтардың қолына тапсырып қойғанын қарашы. Үнемі жеңілістің дәмін татып жүретін Қазақстан құрамасы дәл осы күні Латвияны жеңсе, Түркия құрамасы Францияда өтетін додаға тікелей өту мүмкіндігіне ие болуы тиіс еді. Әлбетте олар өздері де Исландияны ұтуы тиіс болатын, солай болды да. Өз алаңындағы ойынды аяқтап, қазақтар мен латыштардың ойынының нәтижесін күткен түріктер біздің жеңісті қатты тілеген болса керек. Жігіттеріміз қапы қалмады. Ригада өткен ойынның 65-ші минутында бірнеше пастан кейін доп Исламбек Қуаттың аяғына түсіп, ол қарсыластың қақпасына гол салды. Бұл есеп ойын соңына дейін сақталды. Қазақстан Латвияны ұтты, ал Түркия Еуро-2016 додасына тікеоей жолдама алды,  гол соққан Исламбек Қуат Түркияның қаһарманына айналып шыға келді. Жергілікті БАҚ өкілдері Исламбек жайлы мақалалар жазып жатыр, ал жанкүйерлер ұлдарын Исламбек Қуат деп атағысы келетінін айтуда. Әлеуметтік желілерге #islambekkuat хэштегін теріп көріңіз, қызықтың көкесіне куә боласыз. 

Ал мен сол күні туиттерде жазылған жазбалардан үзінділер келтірейін:

* İslambek Kuat Türkiye’ye gel parti kur oy verelim.
- Исламбек Қуат Түркияға келіп Партия аш, дауыс берейік.
* Bugün doğacak erkek çocuklarının adını İslambek Kuat koysunlar.
- Бүгін дүниеге келген сәбидің атын Исламбек Қуат қойындар.
* Nüfus memuru tanıdığı olan var mı 3 yaşındaki çocuğumun adını İslambek Kuat olarak değiştireceğim.
- Әділет Министрлігінде таныстарыңыз бар ма, 3 жасар ұлымның атын Исламбек Қуат деп ауыстырамын.
* İslambek Kuat kardeşimizin ismi mutlaka Türkiye’de bir yere verilmeli.
- Исламбек Қуат бауырымыздың атымен Түркияның бір жері аталуы керек.
* Türkiye’ye davet edilip 3 gün 3 gece eğlence yaptırılsın. 
- Түркияға шақырып 3 күн, 3 түн қонақ қылайық.
* İslambek Kuat adam gibi adamsın be devlet maaş bağlasın bu adama.
- Исламбек Қуат нағыз еркексін, мемлекетімізден еңбекақы (айлық) төленуі тиіс бұл азаматқа.
* “Oğlumla evimin bahçesinde oynarken ikimizde en sevdiğimiz futbolcular olurduk. Oğlum ben, ben ise İslambek Kuat” Z.
- «Ұлым екеуміз аулада доп тепкенде сүйікті футболшы болып ойнаушы едік. Ұлым болса – мен, мен болсам Исламбек Қуат болушы едім» З.Зидан
* Karım hamile olsaydı şuan çocuğun ismini İslambek Kuat koyardım Allah’tan karım yok.
- Қазыр әйелім жүкті болғанда, сәбидің атын Исламбек Қуат қояр едім. Әттең бойдақпын.
* Islambek Kuat’ı Süper Lig’den hangi takım transfer eder?
- Исламбек Қуат Супер Лиганның қайсы командасына
ауысады?
* İslambek Kuat Milli kahraman ilan edilmesi lazım devlet nişanı verilsin
- Исламбек Қуат «Халық Қаһарманы» атанып, Мемлекеттік сыйлық берілсін.
* Bu adama Türk vatandaşlığını verin seneye bizle oynasın Hak etti
- Бұл жігітке Түркияның азаматтығын беру керек, келесі жылы бізге ойнасын.
* Yeni doğan çocuklara İslambek adı konsun.
- Жаңа туған сәбилердің аты Исламбек болсын.
* Metro istasyonlarından biri İslambek Kuat istasyonu olsun.
- Метроның бір аялдамасына Исламбек Қуат аты берілсін.
(Туиттерден аударған: Нұрлан Ахметов)

Ал мына видеода түріктердің өз алаңындағы ойын соңында Қазақстан мен Латвия ойынының соңын күткен сәті, "Қазақстан жеңді" деген хабардың келгеніне олардың қалай қуанғандығы көрсетілген:

Ал мынау Исламбектің соққан голы: