Сіз қандай кітап оқисыз?

Сіз қандай кітап оқисыз?
жеке
блог

      Көктем келгелі есіктің алдына шығып... кітап оқитын болдым. Күншуақта... Болашақта қажет болады-ау деген кітаптарды алып, тізімдеп қойдым. 

1. Исламдағы жанұя. Бұл кітап - "отбасын құру" деген ұғымның мәнін түсіндіріп, оған алдын-ала іштей дайындықтың керектігі, жар таңдаудың аят-хадистердегі бұлжымас өлшемдері, некенің маңызы, ер мен әйелдің міндеті, олардың өзара сыйластығы мен жарастығы жайында.

2. Английский язык: просто о сложном. Аты айтып тұрғандай, ағылшын тілін меңгерудің әдіс-тәсілдері. Ешкіммен сөйлеспегеннен кейін кәдімгідей ұмытып қалыппын. Еске түсіру үшін қайта қарап шығу керек сияқты.

 3.Добро пожаловать в Республику Корея! Бұл кітапты жақында ағам Кореядан әкеліп берген еді. Әдемі көркемделген соң, оқып көрейін дедім. Кәріс халқының қысқаша тарихы, мәдениеті, мерекелері, ұлттық тағамдары, оларды әзірлеу, спорт, демалыс орындары, білім беру жүйесі, жалпы Корей мемлекеті жайында.

4. Первый миллион 21 способ его заработать. Миллионға қол жеткізу... Жалпы, алдыңа мақсат қойып, сол мақсатқа қол жеткізу жолдары. 

5. Критический момент 21 способ победить кризис. Өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлардан қалай шығуға болады? Абайша айтқанда: "Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап",- дегенге саяды.

6. Оставьте брезгливость,съешьте лягушку! Бақа туралы емес, әрине. Жұмыс уақытыңды дұрыс жоспарлап, ерінбей еңбек етіп, жоғары көрсеткішке ие болу туралы. "Қажеті шамалы, пайдасыз көп іс бітіргенше, пайдалы, өзіңе қажетті бір іс тындыр",- деп кеңес береді. 

 7. Множественные источники дохода. Ия, табыс көзін қалай көбейтуге болады? Ақша тауып, оны көбейтіп, сақтап дегендей. Былайша айтқанда, ысырап қылмау. Былтыр алты жерде бір-ақ жұмыс істеп, кәдімгідей жүгіріп едім. Қазір соның біреуі де жоқ. Бұйыртса, сол күндерге қайта жетерміз...

8. 7 навыков высокоэффективных людей. Тұлғаны айтарлықтай дамыту мақсатында жазылған іспетті. Шыншылдық, адалдық, басқаға көмек, кез-келген жағдайда адами қасиеттеріңді сақтап қалу, өзіңе деген сенім. Шынында да оқып көрейін дедім. "Адамның өмірге көзқарасын, жалпы өмірін түбегейлі өзгертеді",- деген пікірлер бар екен. Көрейік. 

9. Дін мен тіл. Ия, дін мен тіл төңірегіндегі сұрақтарға жауап. Бұл кітапты кеше ағамның бір досы әкеліп берді. "Керек жауабыңды осы кітаптың ішінен табасың",- деп...

10. Сөз бен саз. Қазақ күйлері мен әндерінің шығу тарихы туралы, түсінгенім.

11. Парсы кілемдері туралы. Қалай тоқу керектігі, ою-өрнектері... Әйтеуір не керек, әдемі суреттері көп екен ішінде. Бірақ, қазақша емес, парсы тілінде жазылған екен. Бірін ұғып, бірін ұқпай, парақтап шықтым. Біраз сөздік ақтару керек сияқты...

 12. Рүстем-Дастан. Осы кітапты кәдімгідей іздеп едім. Таптым-ау, әйтеуір. Әбілқасым Фердауси "Шаһнамасының" ізімен жырлаған халық ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуов. Батыр Рүстем жайында. Жеті жасымда осы дастаннан үзінді жаттаған едім. Қолыма түсіргеніме қуанып жүрмін.

Айтпақшы,  алдыңғы жазған кітаптарымның бесеуін оқып бітіріп, тізімге тағы қосқан жайым бар. Соңғы қосылған кітаптарым сәрсенбінің сәтті күні тиді, қолыма. Яғни....

 Сонымен, осы сәуір мен мамыр айларында осы кітаптарды оқып шықсам...