"Салмақхана" немесе "Дом - Весы": жаңа маусым

        Бүгін, яғни тамыз айының жиырма жетісі күні 31 телеарнада қолға алынған жарқын жоба «Салмақхана», яғни «Дом – весы» шоу бағдарламасының пресс – конференциясы өтті. Жобаның алғашқы маусымы көпшілік есінде бар болар. Әйнекті қабырғалар, камералар, эмоцияға толы түсірілімдер. Енді жоба авторлары екінші маусымды бастауды қолға алды. Екінші маусым дәл бұрынғы «Мега» сауда орталығының маңында орналасқан салмақхана үйінде түсіріледі. Алайда, бұл маусымда ережелер түбегейлі өзгереді. Аталмыш жоба ұйымдастырушылары бұл жолы жобаға он емес он алты қатысушыны іріктеп алды. Іріктеуге өтініш білдіргендер саны шамамаен 1000 – ға жуық деп айтып өтті жоба авторлары. Әр апта сайын бір қатысушы ойыннан шығып отырады. Жүлделер де өткен маусымдағыдай бөлініп емес, жеке ұсынылмақ. Ендеше, қатысушыларға сәттілік тілейміз және қазан айында басталатын жобаны бірге көрейік.

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: