"Қызғалдақ" балының дайындығы

Сәлем, Массагет! Өткен жазбамда ҚазҰУ - дың ұйымдастыруымен өтейін деп жатқан "Қызғалдақ" балының репетициясы жайлы жазамын дегенмін, сөзімде тұрайын... 

Осы күнге дейін 5 репетиция өтті. Балетмейстерлеріміз бізге тынбай бал биін үйретуде. Айтарлықтай жақсы үйреніп қалдық десем де болады. Себебі, наурыздың 31 күні әл - Фараби арнасына арнайы (жартылай) билеп бердік. Сонымен қатар, дәл осы күні репетиция далада өтті. 

Балетмейстер - Алмас.

Алдарыңызда - Полонез. 

Жігіттердің аяқтары әбден ауырды :-)

Осы күннің ең қызықты сәтіне келетін болсақ: ол - репетициядан кейінгі табиғат аясындағы отырыс. Бұл отырыста балдың демеушілерінің бірі - "Brosh  Accessories - Gallery" қыздар арасында сайыс өткізді. Кімде - кім қызғалдақтың символы бар дәмді тағам жасаса, ол мына диадеманы ұтып алады. 

Сайысқа 5 қыз қатысты. 

Меруерт 

Айнұр

Марал

Динара

Өзіміздің - Айжан Кербез. 

Барлық тағамдар өте дәмді болды. Жеңімпазды анықтау үшін әрбір қатысушыға көрермендер бір - бір дауыстан берді. Дауыс беру нәтижесінде, Марал мен Айжан финалға өтті. Екеуінің де дауыстары тең болғандықтан, олар өздерінің жұптарымен би билеп берулері керек болды. Бұл ретте бағаны берген - балетмейстерлер... Осылайша, призді кім ұтып алды деп ойлайсыздар? ...  Айжан Кербез! 


Марапаттау рәсімі. 

Ал егер отырысқа келетін болсақ, демалыс өте жақсы өтті. 2 сағаттық дайындықтан әбден шаршаған дебютанттар табиғат аясында біраз серігіп, көңіл көтеріп қайтты. Ойындар ойнатылып, ән айтылды. 

Жалпы көрініс.

Студенттердің дастарханы :-) 

Айжан екеуміз.

Сонымен қатар, "Brosh" сауда белгісі барлық дебютант қыздарға 15 % - дық дисконт картасын сыйға берді. Айтпақшы, бұл дүкеннен қонақтарға да сыйлықтар бар.  Ол жайында билетті сатып алғанда біле жатарсыздар! Сондықтан, Brosh - қа шексіз алғысымызды білдіреміз! 




Бөлісу: