Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жас шеберлердің шеберлігі

Жас шеберлердің шеберлігі

Жас шеберлердің шеберлігі

Бір жылдан аса уақыт бұрын «Ғаламарт» шығармашылық жастар клубы көз алдымда ашылды десем болады. Энтузиазст жастар қолынан іс келетін, қолөнермен айналысатын, ұлттық аспаптар жасайтын шебер жастарды жинап, клуб ашты. Қазірде біраз жетістікке жеткен клуб мүшелерінің жұмыстары көрмелерге шығып, халықтың ықыласына бөленіп, тіпті кейбірінің қолданысына еніп те үлгерген.

Бұл жолы қазақ ұлттық аспаптарын жасайтын шеберлердің жұмыстары көрмеге қойылып, ел назарына жол тартты. Үлгілі шәкірттер домбыра, сазсырнай, сазген, жетіген және т.б. қазағымыздың төл мұраларын жоғалтпай, осы күнге жеткізіп, дамуына үлес қосып жатыр. «Дала сазы» деген атау алған көрмеде жас шеберлердің туындылары көрмеге қойылып, 28 наурызда Орталық музейде ашылу салтанаты өтті.

«Ғаламарттың» музыкалық аспаптар бойынша бас сарапшысы Жолаушы Тұрдығұлов жас шеберлерге марапаттау қағаздарын үлестірді.

Және тағы да басқа үлкен ағаларымыз бастамаларына сәттілік тілеп, ізгі тілектерін жаудырды.


Ал енді көрмеден суреттер:

Байқасаңыздар, үстіңгі жағында аспапты жасаған шебердің аты-жөні, суреті бар.

Міне, осылай "Ғаламарт" шығармашыл жастар клубының өнер туындыларын тамашалап, сәттілік тілеп кете бардық. Көрме Алматы қаласының Орталық музейінде 10 сәуірге дейін жалғасады. Барып, тамашалаймын дегендерге есік ашық.

Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 02 сәуір 2012, 11:25
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 12:02

Күшті күшті! :idea:

+0
02 сәуір 2012, 12:03

шебер жес шеберлер :D

+0
02 сәуір 2012, 12:05

Керемет, әсіресе домбыралар :P

+0
02 сәуір 2012, 12:09

сіз домбра тарта аласыз ба???

+0
02 сәуір 2012, 12:11

Керемет тартамын деп айта алмаймын, қатты қызығамын Домбыраға.......

+0
02 сәуір 2012, 14:00

анааау тұрған қобыз ұнап тұр жетігеннің астындағы ;)

+0
02 сәуір 2012, 16:07

Бұндай керемет жәдігерлеріміз жаңғырып жатқанда, қазақтың халықтығы жойылмайды...!

+0
02 сәуір 2012, 16:09

ммм...қандай тамаша? арамыздан осындай өнерлі жастар табыла берсе, ұлттық қолөнер, салт-дәстүр өшпей өседі деуге болады.

+0
02 сәуір 2012, 18:07

Шеберлердің шеберлігі шынымен шеберлік екен. Домбырашылар домбыра жасаған. Қобызшылар қобыз жасаған-ау деймін. ) 8-)

+0
04 сәуір 2012, 01:02

Зергерлік бұйымдары қойылмады ма не? :o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.