Мектеп бітірушілерге ақ жол

Мектеп бітірушілерге ақ жол
жеке
блог

Бүгін Жоғарғы оқу орындарына грант жеңіп алған оқушылардың есімдері жарияланды. Грантты жеңіп алғандарыңыз бар, оған іліге алмай қалғандарыңыз бар – барлығыңызды құттықтаймын. Қалай болғанда да бәріңіз де жаңа өмірге аяқ бастыңыздар. Елдің ересек азаматы атандыңыздар.

Грантқа іліге алмай қалғандар көңілін түсірмесе екен деймін. Ақша төлеп оқуға мүмкіндік болмаса, келесі жылды күтуге болады. Мұндайда бір жылдың не әрісі, берісі жоқ екенін баса айтқым келеді. Тағы бір жыл күтіп, грант алып жатқандар өте көп. Шындап келгенде болашағыңыз оқуға қашан түскеніңізге емес, өзіңіздің қабілетіңізге, ұмтылысыңызға байланысты.

Сайт ұжымының атынан бәріңізге өмір жолында сәттілік тілеймін!