2015 жылғы грант иегерлерінің тізімі

2015 жылғы грант иегерлерінің тізімі

Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қа­ра­ған республикалық комис­сия өз жұмысын қоры­тын­дылап, грант иелерін анықтады. Massaget.kz сайты грант иелерінің толық тізімін ұсынып отыр. 

Кеше ғана Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, мемлекеттік білім грантын ұсыну бойынша өткен комиссия отырысында "мемлекеттік білім беру гранттарына ие болғандардың тізімін ертерек анықтап, БАҚ-қа 10 тамызда жариялауды жоспарлап отырмыз", - деген болатын. 

Вице-министрдің айтуынша, жалпы алғанда биыл республика бойынша 32168 грант бөлінген. Оның ішінде 2500 орын ЖОО-лардың дайындық бөлімдерінде білім алу үшін, 29668 грант 1-курсқа қабылдану үшін, күндізгі бөлімге – 29168 грант, сырттай білім алуға – 500 грант.

ГРАНТ ИЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІН ЖҮКТЕП АЛУ.

Сырттай қысқартылған оқу бөлімі

І, ІІ топтағы, бала кезінен мүгедектер мен мүгедек жандардың балаларына арналған квота

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және олармен теңестірілген адамдарға арналған квота бойынша грант иегерлері;

Қазақстан Республикасы азаматтары емес, бірақ ұлты қазақтарға арналған квоталар.

Сонымен қатар,  Қазақ-Британ техникалық университетіне грант иеленгендер;

Халықаралық акпараттық технологиялар университетінің гранттары;

қаржы академиясы

белгіленген квота аясында сұраныс жоқ мамандықтарды қайта бөлген кездегі гранттар тізімі

Ал мұнда жоғары оқу орындарының кодтары бар.

М. Бисембаева