Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ұлттық тағамдар

Ұлттық тағамдар

Ұлттық тағамдар

Ас-салямуалейкум массагеттін оқырмандары! Ұлттық тағамдарға байланысты болашақ келіндерге және ас әзірлеуді ұнататын қыздарға арналған блог!!!

Шұжық жасау 

Жылқының шикі етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосады. Оны жылқының іші-сырты жуылған ішегіне тығып, тығыздайды. Ішіне ауа жібермейтіндей етіп, екі жағын мықты жіппен буады. Сәл тобарсытып, көлеңкеге іліп қойып, кептіріп алады. Ауылдық жерде шұжықты ұнға салып сақтайды.

 Ет асу

Етті қазанға саларда суық сумен жуады. Ұсақ малдың – қой, ешкінің, бұзаудың мүшелері қазанға түгел салынады. Қазанға сыймайтын ірі қараның, жылқының жіліктері, жамбасы ортасынан сындырылады. Етті үлкен ыдыста, кең қазанда пісіреді. Салқын су құйылып, аздап тұз салынады. Қазанның қақпағы жабылады. От бірте-бірте күшейтіледі. Ет бірден қайнаса, қатайып кетеді. Қақпағы жабылып, бүлкілдеп қайнаған ет дәмді болады. Көбік жиналған соң, оны қалқып алып тастайды. Кей жерлерде көбік шыға бастасымен оны сапырып, сіңіріп жібереді. Мұндай сорпа дәмді болады.

 Қазы салаты

Піскен картоп пен сәбіз, петрушка мен қабығы аршылып, өзегі алынған алма қиықшалап туралады, олар-ға көк бұршақ, буланған жусай қосып, араластырады. Тұздалып, бұрышталып, үстіне майонез құйылады. Сөйтіп, салат ыдысына салынады. Қазы алдын ала пісіріледі. Ол үшін шикі қазы жуылып, кастрюльге салынады да, үстіне ыстық су құйылып, қайнатылады. Бір қайнаған соң от бәсеңдетіледі. Піс-кеннен кейін олар сүзіп алынбайды, сол сорпасымен суытылады. Суыған соң өткір пышақпен, сыртындағы шегінен аршымай, дөңгелек-теп кесіледі де, әлгінде дай-ындалған салаттың үстіне әдемілеп салады. Содан кейін қазы салатының беті
 петрушка жапырақтарымен әсемделеді.

Құрамы: 450 грамм қазы, ірілеу 3 түйір картоп, ірілеу 1 түйір сәбіз, 2 ас қасық петрушка, 2 ас қасық көк бұршақ, 1 кесе майонез, тұз татымына қарай.

 Бұқпа

Оны жазда марқаның етінен жасайды. Марқаның жіліктері мен омыртқалары өткір балтамен шабылады да жуылады, қазанға салынып, үстінен аздап су құйылады. Қазанның бетін тығыз жабу қажет. Ет өз буымен піседі. Піскен етті нан салмай-ақ қонақтардың алдына қояды. Буға бабымен піскен ет – бұқпа жеген адамның тәбетін ашады, дәмі тіл үйіреді.

7713 11
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 02 сәуір 2012, 00:49
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 01:43

О! Керемет!

+0
02 сәуір 2012, 01:50

қарнымды аштырмаңдарш!!!

+0
02 сәуір 2012, 09:33

Алдарыңызға ас туралы пост қойдық, екі көзді бос қойдық)

+0
02 сәуір 2012, 10:33

Қазы жегім кеп кетті, не могу, болды,енді маған тыныш ұйқы жоқ, қазы жемейінше.... :| :| :|

+0
02 сәуір 2012, 11:57

Сен не ғой, анандай боп қалған жоқсың ба. Чета сенікі жерікке ұқсайды.

+0
02 сәуір 2012, 13:36

анандай болмасам да жерік боп жүрем :o :mrgreen: :mrgreen: жеген соң, басылады. Қалыпты құбылыс мендегі.... :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 11:17

мына суретті алып тастаңдар! мәтін оқылмайды, көз тартып кете береді ғой! :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 11:36

мен үйде ерігіп отырмын, жұмыстан кейін маған қонаққа келіңіздер, ас асып берейін Сіздерге!

+0
02 сәуір 2012, 11:56

әбетке ертерек бару керек болды ғой бүгін, мына суреттен кейн

+0
02 сәуір 2012, 12:48

Бұқпа - жасалуын оқысам біздің жақта (Сірне) дейтін тамақ, суретке қарап тәбетім ашылып кетті

+0
02 сәуір 2012, 15:59

Суреттегі қазының тіліктерін маған берсе ғой, қазы десе басқа тамақты ұмытып кетемін мен ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев