Мен қалай алдадым?

Мен қалай алдадым?
жеке
блог

№1

1 сәуір күні ағайын-туысты алдауды әдетке айналдырғанмын. Соның бірін айтып кетейін. Үлкен әпкемнің ұялы телефонын алып, есімдер бөліміне кіріп, өз атымды өзгертіп, латын әріптерімен «Al qaeda» деп жаздым. Содан 10-15 минут өткен соң. «Уважаемый абонент! Ваши оставшиеся все средства на счете были зачислены в организацию Аль Каида. Спасибо большое Вам за вклад развития терроризма в мире!» деп жазып, хабарлама (смс) жібердім. Хат келген телефонын алған әпкем бір кезде өңі бұзылып, не істерін білмей, боп-боз болып кетті. Мен тағы қыздыра түсіп «Не болып қалды?» деп сұрап едім, «Ел-жұрттың мазасын алғаны аздай, енді ақша жинауға көшіпті» деп ашулана айтып, есебіндегі ақшаны тексере бастады. Барлығы дұрыс, барлығы орнында екенін көрген  әпкем дереу жіберген телефон нөмірді тексере бастады. Бір кезде мен екенімді түсінген ол бір жынданған соң, күліп жіберді. 

№2

Жеңгеме хабарласып, бір өтінішімді аяқ асты қалдырмауын сұрадым. Мені ерекелтіп "Газека" деп атайды.

- Тәте, маған көмегіңіз керек. Әке-шешемнің қатал екенін білесіз, үйге жігітімді әкеліп таныстырайын деп едім.

- Жігітіңнің барын ол кісілер білуші ме еді?

- Иә, бірақ кім екенін білмейді.

- Қандай бала өзі? Саған деген ізеттілігі, ілтипаты қандай?

- Өте жақсы. Мен десе, жанын салады. Екеуміз бір-бірімізді өлердей жақсы көреміз. мен ол үшін отқа, суға түсуге даярмын.

- Енді олай болса, Газека, қорықпа, әкеліп таныстыр. 

-Таныстырғанда таныстырамын ғой. Тек ата-анам рұқсат бермейді ме деймін. сол үшін ағам екеуіңіз келіңіздерші тағы да.

- Неге рұқсат бермейді? Әлде сен оған күйеуге шыққалы жатырмысың?

- Солай десе де болады. Мен онымен Стамбулға кетпекшімін.

- Стамбулға? Не үшін? Демалысқа ма?

- Жоқ, өмір сүруге. Ол сол жақта тұрады негізі.

- Түсінбедім. Сонда оқуыңды, жұмысыңды қайтесің? 

- Тастаймын барлығын

- Не айтып тұрсың, Газека?!

- Енді айттым ғой, ол үшін барлығына дейін барамын. Тіпті, кетуге де дайынмын сонымен

- Ау, балапан, сен ақылды қыз едің ғой. Не болды саған? Ақылың қайда кеткен? Олай болмайды ғой. Ата-анаңмен қорықпай сөйлес алдымен. Мүмкін, рұқсат беріп, Стамбулға жіберер

- Менің қатты қорқатыным олардың менің таңдауымды құптамайды деген ойдамын. 

Неге? 

- Себебі, менің жігітім түрік, менен үлкен тағы да

- Түрік?! Сенің денің сау ма?

- Енді солай болып қалды. Сүйемін оны қатты

- Әй, ақымақ, олай болмайды ғой. Әлбетте, әке-шешең қарсы болады. Ағаңа айтсам, ол да ашуланады ғой. Сен не қазақты таппадың ба?

- Жоқ, таппадым

- Ақылыңнан адастың ба? Не болды саған?

Осы кезде арғы жақтан кәдімгідей нотациялық әңгімелер кетті. Тұтқаның бергі жағындағы мен ішімді қысып алып, күліп жіберуге дайын қалдым.

- Есіңді жи, Газека. Сенің бойыңда рух қайда? Патриот едің ғой. Қой, болмайды олай.

- Тәте, тағы бірдеңе айтайыншы

- Айт

- Бүгін 1-сәуір ғой

- Иә, бүгін 1-сәуір. Ертең Әсем (сіңлім ғой) сабаққа барады. Бүгін каникулдың соңғы күні. Ал сен есіңді жи, ақымақтық жасама. Ойлан тағы да.

- Мен сізді алдадым

- Қалайша?

- Енді мереке ғой. 

- Хахахахаххахахаххаха

- Хахахахаххахахахахаха