Күле отырайық

Немере: Әже WI-FI деп айтыңызшы.
Әже: Тфай-Тфай.
......

Терминаторды сүндетке отырғызу үшiн, сварщикты шақыртыпты))
........

Сұлулық бетте емес Retrica-да.
..........

Қыз бен жігіт...
Қыз жігітіне: 
- Дала суық екен... Мен тоңып қалдым.. 
Жігіті: 
- Иә, айтпа, мен жылы киініп алғаным дұрыс болыпты. 
............

Базардан сен киімдерді көп көресің! Ұнағанын үстіңе киіп көресің! Бағасы оның 50 мың теңге дегенде, сол киімді өмір бақи жек көресің!
............

Алтын балыққа армандарымды айтқан едім:

"Мені қуырып, жей сал" деді.
............

Бүгін интернет болмай 2 сағат үйдегілермен сөйлестік, күлдік жалпы, жақсы адамдар екен.
.............

Әйелі күйеуіне:
- Сен маған «семіріп бара жатырсың» деуші едің ғой. Алтын сырға сатып алып берсең, арықтаймын.
- Бұған алтынның қатысы қанша?
- Енді, сырға сатып алсақ екі ай аш отырмаймызба?!
..............

Бір апамыз лапшаны қытайша екі таяқпен жеймін деп, байқаусызда лапшадан нәски тоқып жіберіпті.
..............

Студент емтиханда жауап бере алмай қалады да, профессор оған:
- Амал не, сізге екілік қоюыма тура келеді,-дейді. Сонда студент:
- Онда маған асылып өлуден басқа амал жоқ,- деп, қалтасынан арқан шығара бастайды. 

Профессор сәл жұмсарады.

- Жарайды, тапсырмасаңыз да, үштік кояйын.
Студент жайлап арқаннан тұзақ жасай бастайды. Профессор қорқып кетеді. 
- Жақсы, жақсы! Төрт қоямын!
Студент оған назар аудармастан өз ісін жалғастыра береді. Профессордын мүлде есі кетеді. 
- Болды, болды! Міне, саған бестік баға қойдым!- деп, сынақ кітапшасын ұсынады.

Осыдан кейін ғана студент арқанын жинап, шығуға бет алады. Профессор "ух!" деп бір дем алып: 
- Арқаныңызды осында тастап кетуіңізге болады, - десе,

Студент: 
- Жоқ, тастай алмаймын, алда әлі төрт емтиханым бар!- десе керек.
............

- Жаным не ойлап отырсың?
- Сен не ойласаң соны ойлап отырмын.
- Ұялмайсың ба ұятсыз?!
................

Қожанасыр бір тойға барайын деп қымбат галстук тағып алыпты. Әйелі: 
- Сонша қымбатқа алғаның не? Сол ақшаңа үш туфли түсер еді, -деп ренжіпті.

Сонда Қожа: 
-Әй, "Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа" деген рас екен- ау, үш туфлиді мойныма байлап барсам, жұрт күлмей ме?!-деген екен.
..............

Вконтакте мен танысып,сол қызбен кездесуге барған жігіттің соңғы сөзі,"фотошопты шығарған адамды қарғыс атсын"-депті!!!!
...............

Бiрде Жапонияда ұрыларды ұстайтын робот ойлап тауыпты! Ол:
- Жапонияда: 5 мин iшiнде 100 ұры ұстапты;
- Америкада: 5 мин iшiнде 200 ұры ұстапты;
- Қазақстанда: 5 мин iшiнде өзi ұрланып кетiптi!
.............

Ешқашан кафеге барып көрмеген қыз жiгiтiмен кафеге барыпты.Сонда жiгiт даяшыны шақырып —меню -дептi; сосын жiгiт қызына :
-жаным сен не жейсiң -десе; қызы
-менде меню жей саламын-депті.
...............

Командирге:
- Менің парашютым ашылмай қалса не болады?
- Сен бірінші болып жерге қонасың.
..............

Ағасы мен қарындасының әңгімесi:
— Қарындасым, сен кiмдi жақсы көресің?
— Папамды...
— Одан басқа?
— Мамамды...
— Одан басқа?
— Ағамды...
— Одан басқа?
— Ой қойшы болды, не қыласың оны...
...............

Mен өмipден түйгенiм 1 нәрсе: 
Ұйқы ешқашан қанбайды екен.
................
Қыстың 1 кунінде 2 қазақ Москвада аялдамада жаурап тұрса жанына 2 орыс келіп балмұздақ жеп тұр екен. Сөйітсе қазақ бір біріне - Мына екі жынды жаурамайды да екен десе.ана орыс қазақша түсінеді екен. Қазаққа қарап тұрып- осы сендер 40 градус ыстықта шай ішкенде ештеңе демейміз ғой депті.
.............

-Кімді жақсы көресің?
-Анамды
-Жоқ жігіттерден
-Әкемді
............

Күйеуі жұмыстан үйдегі әйеліне қоңырау шалып тұр.Әйелі қырындап:
-Осы қаладағы ең сұлу әйел тыңдап тұр...
-Шамасы мен қателесіп кеткен сияқтымын.
...............

Қазақтар Skype-қа кіргенде:
10%- Сәлем,Қалайсың?-десе,
90%- Дауысым естіліп тұр ма?-дейді екен.
.............

-Ааааа!
-Неге сонша шынғырасың?
-Тырнағымды сындырып алдым.
-Кішкентай нәрсеге сонша шынғырғаның не?
-Енді қайтейін тырнағымды мұрнымнан шығара алмай отырмын.



Бөлісу: