Жастарға кәсіпті қалай бастау қажеттігі түсіндірілді

Жастарға кәсіпті қалай бастау қажеттігі түсіндірілді
жеке
блог

«Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалымен "Даму" кəсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен қала жастарына семинар тренинг өтті. Шара Ақтау қаласындағы «Даму» қорының ғимаратында өтіп, тренингке 18 жас қатыстырылды. «Даму» қорының маманы Жанар Бахытовна жастарға кәсіп ашудың тиімді жолдары мен кәсіпті тоқтатпаудың амалдары туралы, мемлекеттің жас кәсіпкерлерге жасаған мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, жастар сұрақтарына жауап алды. 2 сағаттық тренинг мағыналы нәтижелі өтіп, кәсіпкерліктің қыр сырын үйренді. Шара соңында қатысушы жастарға «Жас Отан» ЖҚ мен «Даму» қорының арнайы сертификаты табысталды.