Мақсаттарымда өзгерістер (байқау)

Сәлем, Массагет оқырмандары!Белгілі себептермен мақсаттарым өзгеруде.Жалпы 4 аптам поэзия әлеміне арнаған едім, ондағы мақсатым ақындардын өлеңдерін оқып, талдау жасап,сұхбат алу етін.Ақындар өкінішке орай сұхбат бере алмады (уақыты болмады). Сол себепті жоспарларды өзгертуге тура келді.

*Бірінші апта мақсатым бойынша орындалды. 
*Екіншіші аптамды хоббии ретінде, мақсат бойынша қолтаңба тілек алу және құндылықтарымыздың бірі бата жаттап, сіздермен бөлістім.
*Үшінші аптамда ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, жаңа ортаны ашуды қаладым және статистикалық мәліметтерге сүйеніп қазіргі таңда қандай есімдер жиі қолданылатын біліп, зерделеп сіздермен бөлісемін.
*Төртінші аптада ескерткіштерді аралап, ұлы тұлғаларымызбен қайраткерлердің момументтерінен сыр шертіп, суретке түсіп, ақпараттар жинау жұмысымның басты мақсаты!
*Бесінші аптам маған ұнайтын 10 әншімен таныс боласыздар!
*Алтыншы, жетінші аптада Амангелді Ормантайдың "Бауыржан батырдың балалық шағы" кітабын оқып, талдаймын.
Осы келеңсіздіктер үшін сіздерден кешірім сұраймын! Аталған мақсаттарым болашақта журналист болып қалыптасуыма септігін тигізеді деп ойлаймын. Оқырмандар менімен бірге болып, мені қолдаңыздар!


Бөлісу: