Жұмыс іздеу операциясы...

Жұмыс іздеу операциясы...
жеке
блог

Салем достар!!! ГОС-ты тапсырып, Дипломды қорғап біткеніме де 20 күн толыпты бүгін.... Жұмыссыз отыруға жаным қас адам ретінде, бүгін жұмыс берушінің хабарландырулары жазылған газетті қолыма алып, жұмыс іздеуге кірістім. Шәкіртақыны келісім шарт біткендіктен осыайда беруді тоқтатады, ал жұмыс істеп тапқан ақша ешкімге арттықтық етпейді деген ойдамын, бір жағынан үйде комптың алдында отырып, интернет парақшаларын ақтарғаннан ығырым шығып кетті. Содан не керек, газет бетін ашып хабарландыруларға көз жүгірте бастадым...

работа

Хабарландыруларды оқу барысында мынандай жағдайларға кездестім:

1-мәселе. Қазіргі таңда сауда өкілдері (торговые представители) және даяршылар, автокөлік жуушылар көп сұранысқа ие екен...

2-мәселе. Жұмыс берушілер жұмысқа тұрушының еңбек өтілі 1немесе 3 жыл болуын талап етеді екен... \ал, дипломды жаңа алған азамат пен азаматшылар еңбек тәжірибесі жоқ болғандықтан, олар қалай жұмысқа тұрады???\

3-мәселе. Жұмыс беруші жұмысқа тұрушының бет әлпеті, түрі көрікті болуын талап етеді екен...\сонда, жұмысшының қабілеті, шеберлігі сыртқы келбетіне байланысты болғаны ма???\

4-мәселе. Орыс тілін жақсы меңгерген болу керек екен...\қазақ тілінің мәртебесін көтереміз деп жүргенде, бұл мүлдем қисынсыз талап\

 

Осылай отырып өзіме қажетті жұмыс таба алмадым, диплом қолға тигенше күте тұру керек екен әліде 2-3ай. Сосын тағы ақтарып көрерміз газеттің хабарландыруарын \әй қайдам-ау ол кездеде осы шешілмес түйіндерге кездесемін ау\, болмаса тамыс тамыр жағалап тұрамыз жұмысқа... Енді уақытымды осы комптың алдында кино көрумен, онлайн кітаптар оқумен, сіздердің блогтарыңызды оқумен өткіземін...

 

Пы.Сы. Ааа ұмытып барамын ғой.... Массагеттік достарым, сіздердің араларыңызда жұмыс жасайтындар көп шығар қалай орналастыңыздар жұмысқа сол жайлы айта отырыңызаршы, мүмкін көмегі тиіп қалар)))))