Биікке самғаймын бүркіттейін( байқау)

Ассалаумағалейкүм уа рахматуллахи уа баракатух

      Мақсат пен арманның айырмашылығы барма?

    Мақсат пен арманның айырмашылығы мен үшін жер мен көктей. Арман - бұл тек қана армандау, қиялдау.  Оны біз тек қана армандаймыз, бірақ көп әрекет жасамаймыз. Ал мақсат - биік шың сияқты. Біз оның биігіне шығып, шыңын бағындырыуды қалаймыз. Және сол үшін әрекет жасаймыз. 目標 мынау қытайша мақсат деген сөз. Әріп баспалдаққа ұқсайды. Дұрыс мақсат үшін биікке өрлейміз. Менің орындалған да, орындалатын да мақсаттарым жетерлік. Бірақ, мен үшін "орындалмайтын" деген сөз мен үшін  жоқ!!! Осы  күнге дейін орындалған мақсаттарымның кіші тізімін сіздерге көрсетейін.

  1. Мақсат - М. Шахановтың өлеңдерін жаттау."Қазақтың осындай дара ақынының бір өлеңін жатқа білмеу -ҰЯТ!"деп білемін өз басым.  Бұл мақсат анық орындалды. Мен Шахановтың "Арман",  "Желтоқсан", "Бесінші еркек" өлеңдерін жаттадым. Дәлелім төмені видеода. Уақыттың аздығынан Тек 2 шумағын оқимын.

  2.Мақсат - "Жеті атасын білмеген - жетесіз" демекші өзімнің ата-бабамды, жеті атамды толық тану менің басты мақсаттарымның бірі болатын. Ол мақсатта орындалды. Мен оны "Құрман руының шежіресі" атты кітаптан білдім.

  Менің жеті атам

Тоқбанбет

Дүзбай

Қоңыр

Кәркен

Қоңыр

Сұлтан

Нұртуған

Кеңшілік

 3. Мақсат - фотошоп жасап үйрену. 21 заманауи ғасырды адамды кез-келген нәрсемен таң қалдыра алмайсыҢ. Фотошоп жасау оңайға соққан жоқ. Кейде беті дұрыс келмесе, кейде киімі дұрыс тұрмайды. Қысқасы, "Еңбек - бәрін жеңбек" демекші, еңбектің арқасында оны да үйрендім.Осы мақсат үшін ғаламтор желісінен түрлі мәліметтер алдым.Дәлелім төмендегі видеода ең үздік туындым бар.

4 .Мақсат - лағымды өсіріп-бағу. Қазақ халқы ежелден малды баққан, өсірген.Малдың пайдасын өте жақсы білген."Малым - жанымның садағасы, Жаным - малымның садағасы" деген аталы сөз содан қалған болар.Алдыңғы блогта өзімнің сүйкімді лағымның бар екенін айтқан болатынмын. Енді сол лақты өсіруді мен өзіме мақсат қылып алдым. Әрине, әлі өскен жоқ. Бірақ, күзде лағымның қандай болғанын көре аласыздар.

Барлығының дәлелі видео:


                            Олай  болса келесі кездескенше, достар.

                            Ұнаса лайк басайық, Пікір білдірейік.

Назарларыңызға рахмет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

 



Бөлісу: