Бұл тек маған қатысты... (сумасшедший график)

Бұл тек маған қатысты... (сумасшедший график)
жеке
блог

Блог құрылтай 2012 — нің қалай өткенін баяндамаймын, себебі ол туралы ақпарат толып жатыр. Бұл жолы осы постты өзіме естелік ретінде жазып отырмын…

«Тойдың боларынан, болғаны қызық» демекші, «Блог құрылтайға» 1 ай бұрын билет алып қойып, ұзақ күттік. Айжан Кербез және әкесі үшеуміз 1 күн ертерек (20 наурызда) жолға шықтық.

Айжанның әкесімен уақыт тез өтті. Жолда мемлекеттік мәселені шешетіндей «важный» болып отырдым. Айжан шашымды «жыыында» етіп өріп берді!

Шәй ішіп, тарих жайлы әңгіме айтып, Астанаға қалай тез жеткенімді білмей де қалдым.
Біздің графигіміз «сумасшедший» болды. Бара салғаннан мені туыстарым мен таныстарым, Айжанды өзінің жақындары қонаққа шақырып, жан – жақтан бізді жұлмалады.
Астанаға осымен екінші рет барғаным. Осыдан 1,5 жыл бұрын көп жерлерді көріп алғанмын, ал бұл жолы бармаған жерлерге бардым. Енді соларды тізіп өтейін:

21 наурыз:
Поездан түсе салғанда ағамның жан досы – Ғазиз аға бізді күтіп алды. Мен сол кісінің үйіне кеттім. Ал Айжан әкесімен өз туыстарына аттанды. Үйге келсек, жеңгем өте дәмді плов пісіріп қойыпты. Сонан соң, олар үйлерін маған табыстап, қаланың сыртына демалуға аттанды. (Ал мен Айжанды қасыма шақырып алдым, бірақ ол ертесіне келді. Осылайша біз бірге 3 күн тұрдық.

Бизнес центр «Континет». Бір танысым маған Дубайдан көптен күткен сағатымды алып келу керек болған. Сол сағатты алып кетуді жөн көріп, осы бизнес центрге барып олжалы болып қайттым. Одан шыға сала әпкемнің жан құрбысы — Гүлназ, мені өзінің үйіне алып барды. Соның арқасында «Триумф Астананы» көріп қалдым. Іші керемет… Пәтерлері бірінен – бірі асып тұр… Қаланың ішіндегі қала. Барлық жерде WI –FI, бассейн, өздерінің дүкендері, спорт залдары, бір сөзбен айтқанда бәрі бар.

Кешке таман құда баламның туылған күніне бардым. Кеш өте жақсы өтті. Бәрі жан – жақтан «құдашалап», өзімді «звезда» болып сезініп отырдым. Ботагөз құдағи керемет қуардақ пісіріпті. Үйге қайтар кезде, құда балам машинасына мені салып алып, түнгі Астананы көрсетті. Бұл енді ғажап көрініс… Түнде қайтадан «Триумф Астанаға» келуіме тура келді. Гүлназ ханым «бір күн менің үйімде қон, күйеуім үйде жоқ, балам екеуіміз қорқамыз» деген соң, амал жоқ келістім!

Осылайша бір күн аяқталды. Шаршағаным соншалық, әшейінде бөтен үйді жатырқайтын мен: түк сезбей ұйықтаппын.

22 наурыз:
 Таңертең 9:30 – да тұрдым. Paint House – та ояған жаман емес екен! Гүлназ ханым мені конгресс холлға алып барды. Ол жерде адам көп. Одан шошып, Цумға бардық. Гүлназ көйлек қарап әлек, мен бағаларды салыстырып әлек. Осылайша түс болды. Түсте «RAFE» деген италиян дәмханасында Гүлназ, (баласы) Әлібек үшеуміз түскі ас іштік. Бұл дәмхананың пиццасы ұнады. Соя соусыда көңілімнен шықты. Жарайсыңдар! 

Түстен кейін Айжан екеуміз үйде (Ғазиз ағаның) үйінде кездесіп, препатиға дайындалдық. Ал кешке «Кәусар» — да бәріміз бас қостық. Ең бірінші іздегенім Көкбөрі мен Сатыпалады. Көкбөрі өзі келді. Ал Сатыпалды… «НЕТУ» ғой. Осыны ұйымдастырған Айжанға табынға рахмет! Манты өте дәмді болды. Айтпақшы, біздің үстелден ақшаны мен жинадым)

Одан шығып Айжан екеуміз «Cinzano» лаундж барына барып сергіп қайттық. Тағы да түк сезбей, талып ұйықтадым.

23 наурыз:
«Тұру керек, тұру керек» деп жатып әрең дегенде 7:45 – те тұрдық. Ұйқы қанбаған, әйтеуір апыл ғұпыл шәй ішіп «Блог құрылтайға» аттандық.

Ол жерде не қалай өткенін бәрі жақсы біледі, сондықтан өте жақсы өтті деп қысқартайын. Айта кетерлік, Назарбаев Университетіне ғашық болдым. ҚаҰУ кешір, әрине! Бірақ, бұл университетте оқыған студенттің арманы жоқ шығар. 

Кетерде қимай – қимай шығап, бәріміз «Алауға» коньки тебуге бардық.

Розатай: «Сен Алматының қызы емссің ба, коньки тебе алмайсың ба?» деп таңданып жүрді. Ал Қуаныш ағамыз, мені мазақтап видеоға түсіріп әлек. Көкбөрі болса, маған үйретудің орнына менен қашып жүрді. Не керек, жақсы сырғанап қайттық.

Конькиден шыққан соң бәрі жан – жаққа тарады. Ол кезде жан құрбым Айжан тойда болған. Қарным ашқан соң, сол баяғы құда баламды шақырып алып «Керуенге» барып, тамақ жедім. «Starburger»-дің тамағы дәмді екен. Онан соң «8 первых свиданий» деген киноға кірдік. Бұл киноны көріп алып, «таааак, Жансая жігіт табу керек» деген ойға кеттім… Тағы да үйге кеш келіп, тағы да түк сезбей ұйықтадым.

24 наурыз:
Таң ертеңгісін Айжан екеуміз 10 – да тұрамыз деп пландағанбыз, қайдан 12:30 – да анам звондағанда бірақ тұрдық. Тез – тез жиналып «Хан шатырға» бардық. Аралап үлгермедік, тек 1 этажын бітірдік. Сонда да өзіме сумка сатып алып үлгердім! Айжан сағат 4 – те өз туысқандарына баруы керек, ал мені құдаларым тамаққа шақырды тағы да. Осылайша 4:30 – да «Хан Шатырдан» атып шықтық. Құдаларыма келіп едім, Ботагөз тате дәмді тауық пісіріпті. Оны жеп болғанша кешкі 7 болды. Сегізде Айжан екеуміз үйге келіп, заттарымызды алып, Ғазиз ағамен бірге вокзалға бардық.

Вокзалда 8:30 – да болдық. Қимастықпен қоштастым. Алматы кешірерсің!!! Бірақ, Астананы қатты жақсы көреді екенмін. Әрине туған жерім – Алматы, ол — әсем қала, ғажап қала. Алайда, Астананы да қимай – қимай кеттім.

Біздің купеде Еркебұлан мен Елдос болды. Ал көршіміз – Мейіржан. Кешкі тамақты Айжан, әкесі, Еркебұлан, Елдос бесеуміз болып іштік. Сосын жастар болып, ойын ойнадық. Онан соң тағы да түк сезбей ұйықтадым!

Міне, осылайша 6 күндік «іс сапарым» зу етіп өте шықты. Кешкі сағат 5 – те Алматыда болдық. Анам күтіп алды. Сонда анам Айжанға: «Қалай барып келдіңдер» десе, айтқаны: «аз болып қалды!». Мен келісемін. Астанадағы «сумасшедший» 4 күн осылай өтті.

Қатты шаршаппын, дүйсенбі күні өмірімде бірінші рет себепсіз сабақтан қалдым (ол жайлы анам білмейді). Таң ертең тұра алмадым… Енді ше, мемлекеттік іс тындырып келдім ғой) «Хабар» мен "Қазақстаннан" көрсетті емес пе)))

 P.S. Суретке аз түсіп, аз түсірдім. Себебі өзімнің фотоаппаратым болмады. Суреттерді көремін десеңіздер, мына блогымда да бар - http://www.kerekinfo.kz/blog/8045.html