Марғұлан Ақан: "Өлең Құдайдың берген құдіреті" (байқау)

Қайырлы күн, МАССАГЕТ оқырмандары. Бірінші мақаламда ақын Марғұлан Ақанның өлеңдерін оқып талдадым, ендігі кезекте ақынмен сұхбат жүргізуді жөн санадым. Алғашқы сұхбатымды оқи отырыңыздар!

- "Өзге емес, өзім айтам өз жайымды," - деп Қасым Аманжолов айтқандай, әуелі оқырмандарға өзіңіз жайлы толығырақ мәлімет берсеңіз?

- Өзім Тарбағатайдың ар жағынан келдім. Отанға оралып аяқ басқалы 10 жылдың жүзі болды. Үш кіндікпіз, мен, екі қарындасым бар. Жалпы отбасым қарапайып ел қатарлы жандар. Анам - жеке кәсіпкер, әкем - журналсит. Жалпы ақындық қасиет әкеден балаға тікелей берілген. Әрі құдайдың бағы.

- Ақындық жолыңыздағы алғашқы қадамдарыңызды еске түсірсеңіз, ең алғашқы өлеңініз кімге арналды?

- Алғаш өлеңді ес білмей жүрген кезде жазбасам да ауызша міңгірлеп бірдеңе айтып жүретін көрінем. Сөздерді ұйқастырып. Ал жалпы өлеңді 4-сыныптан бастап жаздым. Ең алғашқы өлеңім "Доп" деген өлең еді.

- "Ұстазсыз шәкірт тұл" дегендей әр өнер иесінің өмірде болсын, өнерде болсын ұстазы болады. Сіздің ұстазыңыз кім?

- Жалпы ақынға біреу ұстаз бола алмайды. Өлең құдайдың берген құдіреті. Өмір ақын үшін - өлең! Ұстазым болмаса да үлгі тұтып, стил қалыптастыруда, сүйсініп оқуда көптеген ақындарды айтар ем. Соның ішінде бірақ атаулылары мынау: Абайды өкінішке орай сүйіп оқи алмадым, енді болмаса. Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Жұматай Жақыпбек, Әмірхан Балқыбек, Тыныштықбек Әбдікәкімов.

- Жоспар мақсатқа жеткізер қадам, алдағы мақсат, жоспарларыңыз жайлы айта өтсеңіз?

- Жоспарсыз, армансыз адамның күні болма ма?! Әрине, жоқ. Жоспар көп, мақсат біреу. Ұлттың ұйытқысы болар, ертеңгі тізгінін ұстар азамат болғым келеді. Биыл ғана универстет қабырғасын аяқтадым. Алда әлі қанша белестер бар. Шығармашылық тоқырап қалмаса игі дейміз. Жалпы өмір сүру үшін еңбектенеміз.

- "Кітап қолда... арман жолда... енді мақсат...", - депсіз жеке парақшаңызда. Студенттік шағыңызда кітап шығарып үлгердіңіз. Кітаптың тақырыбы не себепті "Көк тоғайдан көшкен бұлт"?

- Кітаптың атауын қоюдың өзі оңайға соққан жоқ. Алғашқы жыр жинақ, атауы да тастай болу керек деген ұранды ұстанып, жаныма жақын нақышта қоюды ұйғардым. Оған достарымның септігі де тиді десем болады. "Көктоғай" менің туған жерімнің атауын, ал "көшкен бұлт" деп отырғаным мен. Ата-жұртын аңсай келген баланың шері, қуанышы. Жалпы кітаптың іші әртүрлі тақырыпта жазылған өлеңдермен толыққан. Ендігі баға халықтан. Әзірге осы, рахмет!

- Сұхбатыңызға рақмет, рухты жырларыңыз көп болсын, жазарыңыз таусылмасын!

Сұхбат ұнаса ой-пікірлеріңізді білдірсеңіздер!



Бөлісу: