Баспасөзге мәлімдеме

Баспасөзге   мәлімдеме
жеке
блог

      

 


          Қазақстан Республикасының Президенті " Ең алдымен, бұл жерде ошақ тыныштығын сақтаушы -   әйелдердің рөлі өте зор. Осыған байланысты мен " Анаға тағзым күні" деген күні деген атпен аналар күнін бекітуді ұсынамын. Мұндай мереке елуден астам елде кеңінен таралған. Соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Ресейде бар. Біз демек, күздің алғашқы айы қыркүйекте, астық жиын-терін науқаны аяқталысымен аналар күнін атап өтуімізге болады",- деген еді мерекелік құттықтау сөзінде.

        «Бір елдің өркениет дәрежесі өмір сүрген жерінде ағаш егу мәдениетін қалыптастыруымен өлшенеді» деген екен АҚШ президенті Франклин Рузвельт. Әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесіне саялап, кәдесіне жаратса оның өзі үлкен сауапты іс. Сонымен қатар, ағаштың экологиялық мәселені, ғаламдық жылынуды реттеуде маңызы зор екендігі баршамызға аян.

         «Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерекесіне орай әр ауылдық округте 20 мың ағаш» атты үндеу жариялап, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылдық округіндегі 20 гектар жерге ағаш егіп, бақ жасаған едік.

          Сол игі істің жалғасы ретінде, биылғы жылы көктемде өзіміз жариялаған үндеуге сай аталмыш елді мекенде тағы да 10 га жерге «Батыр ана» бағын жасауды қолға алып отырмыз.

          Анадан асқан ардақты жан жоқ. Патшаны да, батырды да өмірге әкелетін ана. Барша ақ жаулықты аналарымызға арнап, бақ жасасақ,ең әуелі аналарымызға көрсеткен зор құрмет болып, ұрпақтарымыздың бойына әдемілік пен сұлулықты сіңірер еді. Осындай өнегелі іс біздің өсіп-өркендеуімізге де үлкен септігін тигізері анық.

            Ұйымдастырушылар:  

Республикалық, ғылыми-танымдық «Гүлстан» журналы

«Гүлзар» қоғамдық бірлестігі

«Гүлдену» қоғамдық қоры

          Өтетін орны: Алматы  қаласы,  Хан тәңірі 131 "Гүлстан" журналының конференция залы

Өтетін күні: 29 наурыз 12:00

             Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефондар немесе электронды пошта арқылы хабарласуға болады. Тел: факс 8 (727) 269-15-30, 8 (727) 269-15-36

Пошта: gulstan08@mail.ru, gulzar08mail.ru

                Қабдолданова Батима 8701-784-17-14, 8771-454-00-35