Жиенім мені "өшірді"...

Жиенім мені "өшірді"...
жеке
блог

 Өткееееен жолы ғой. Жиен сіңіліме  сұрақ қойсам, орысша жауап беріп отыр. Жиенге қол көтермейтін қазақ атам бар ғой енді, ал өз атам  қол көтеру былай тұрсын жиендерімізге дауыс та көтерткізбейді. Содан не керек,  үндемей отыра бердім "сөйлесе, жиен сөйлесін"деп. Бірақ ол шіркін де тым қатты жиендік жасап кетті де,  тағы да қазақшама орысша жауаптарды жаудырып отыр.Қазақ атамды ренжітпестен, өз атамды ренжіткендей боп: "Әй, қазақ басыңмен не көрінді!? Білмейсің емес, білесің ғой ана тіліңді! Неге мыңғырлап  отырсың?"- деп ұрсып бердім орыс тілінің  шашбауын көтеріп отырған жиеніме. Ойбоооой,ол да қалысар емес: "Мен сен сияқты филолог емеспін"-деп қойып қалды. Болды... Басқа ештеңе де айтпадым. Қысқасы, "өштім". Бірақ мынадай ойға қалдым: Сонда ана тілімізге филологтардың ғана жаны ашуы керек пе?..