Мен Массагетке барғым келеді..!

Менің есімім Мөлдір. Танитын боларсыздар:)Бұрындары Массагетке үзбей кіруші ем. Қазір тіпті емтиханға дайындалып уақытым болмай кетті.

Түсімде ылғи сіздерді көрем.Үлкен ғимараттың ішінде Мейіргүл,Фариза,Мақпал,Қарлыға,Әсел апайлар кетіп бара жатады. Мен апайлар деп айқайлаймын, сіздер артқа бұрылып күліп мені қол бұлғап шақырасыздар.

Мен ЖУРНАЛИСТ болам. Бұл менің нақты шешімім. Мен Массагеттен енді бір елі айрылмайтын боламын!Бұл менің шын сөзім. Сіздерді атты жақсы көремін♥.

Тіпті жеткізе де алмаймын.

Жақсы көретін үш нәрсеңді айт десе ойланбастан:

Бірінші-АЛЛАҺ;

Екінші-ОТБАСЫМ;

Үшінші-МАССАГЕТТІК ДОСТАРЫМ-дер едім.Бұйырса 2 жылдан соң мен де сіздердің жандарыңызда боламын :)Сонда өздеріңізбен тілдесіп,бір көрсем ол маған Құдайдың бұйырған бір сыйы деп білер едім...♥

Аса ізгі құрметпен: Жұбаева Кенжеқарақызы Мөлдір)



Бөлісу: